Rib-P компонентінің антиденелері
Адамның қан сарысуында рибосомдық Р-нәруызына IgG антиденесінің сандық мөлшерін анықтау үшін арналған талдау. Ол рибосомдық кешеннің үш фосфопротеиндер Р0, Р1 және Р2 60s суббірлігін анықтайды. Антиядролы антиденелер (ANA) тәрізді антицитоплазмалық антиденелер ревматоидты ауруларда белгілі рөлді атқарады. Оның ішінде ең жақсы сипатталатыны антирибосомалық антиденелер (ARA). Рибосомдық Р-нәруызына аутоантиденелер жүйелі қызыл ноқтаны диагностикалау үшін жоғары арнайылық маркері болып табылады, өйткені олар басқа аутоиммундық ауруларда сирек кездеседі. ARA тек 10%-нда кездейсоқ іріктелген ЖҚН бар науқастарда анықталады, бірақ белсенді статустағы ЖҚН бар 40% науқастарда анықталады. Анти-Rib-Р анықтау ЖҚН күдік туындағанда, Sm антигеніне антидене мен екі тізбекті ДНҚ анықталмаған жағдайда ұсынылады. Зерттеуді қызыл ноқтаны ықпалдандырушы психозға күдіктенген кезде ұсынылады.