Миелопероксидазаға (Anti-MPO) антиденелер
Сынақ жүйелі ANCA – ассоцирленген васкулиттерді және жылдам үдемелі гломерулонефритті диагностикалау үшін қолданылады. Миелопероксидазаға антиденелер антинейтрофильді цитоплазмалық антиденелердің бір түрін білдіреді (ANCA). Миелопероксидаза - оттегі радикалдарын өндіруші және айқын оң зарядқа ие азурофильді түйіршіктердің микробицидтік ферменттерінің бірі болып табылады. Иммунофлюоресценттік сынақта миелопероксидазаға антиденелер миелопероксидазаның жасуша ішінде оның бекінуі кезінде қайта бөлінуіне байланысты флуоресценцияның перинуклеарлық түрін (pANCA) ықпалдандырады. Протеиназа 3 антиденелерімен салыстырғанда миелопероксидаза антиденелері қандай да бір нақты васкулиттерді диагностикалау үшін жоғары арнайылық болып табылмайды, ал бірақ барлық ANCA – ассоцирленген васкулиттер мен оларға жақын ауруларда анықталуы мүмкін.
Миелопероксидазаға антиденелер идиопатиялық некроздаушы васкулит, орақ тәрізді, микроскопиялық полиангиитпен, Чарга-Страусс синдромымен, сондай-ақ протеиназа 3 қарсы антиденелері жоқ Вегенер грануломатозымен ауыратын науқастардың көпшілігінде кездеседі. Миелопероксидазаға антиденелер Гудпасчер синдромы кезінде байқалады. Жүйелі васкулиттерге қатысты антинейтрофильді антиденелерге жоғары арнайылық анықталғанына қарамастан олар жұқпалы, паранеопластикалық және дәрілік васкулиттер кезінде кездесуі мүмкін.
Миелопероксидазаға антиденелер жегі нефриті кезінде сирек кездесуі мүмкін. Миелопероксидазаға антиденелері бар науқастардағы васкулиттің басым түрі ұсақ калибрлі тамырларға әсер ететін және клиникалық түрі өкпе мен бүйректің бірлескен зақымдануымен көрінетін микроскопиялық полиангиит болып табылады. Бұдан бөлек, шамамен науқастардың үштен бір бөлігінде миелопероксидаза антиделерімен қоса бүйректен тыс белгілермен жүрмейтін орақ тәріздес жылдам үдемелі гломерулонефрит байқалады. Миелопероксидазаға антиденелердің деңгейі жедел ағымды гломерулонефрит кезінде максималды болады.
Тиімді цитостатикалық ем жүргізілген кезде үдерістің басылуы немесе васкулит белсенділігінің бәсеңдеуі науқастардың 95% - ында антиденелердің элиминациясына әкеледі, бұл ретте науқастардың 75% - ында сероконверсия үдерістің клиникалық ремиссиясына жеткеннен кейін таяудағы 6 ай ішінде жүреді. Миелопероксидазаға антиденелермен қосақталып жүретін грануломатозды васкулиттердің басқа бір жиі клиникалық түрі - Чарг-Страусс синдромы болып табылады. Бұл аурудың клиникалық симптомдары эозинофильдік инфильтратпен бірге өкпелік васкулитпен, демікпе және гиперэозинофилиямен байқалады.
Чарг-Страусс синдромы кезінде миелопероксидазаға антиденелер 40-70% науқастарда анықталады.