Бір спиральды ДНҚ антиденелері (ssDNA)
ДНҚ антиденелерді екі топқа бөлуге болады:
1. тек табиғи екі тізбекті ДНҚ (dsDNA) байланысатын антиденелер;
2. бір тізбекті ДНҚ (ssDNA) байланысатын антиденелер.
Бір тізбекті (анти-ssDNA) ДНҚ антиденелері антинуклеарлы антиденелер тобына жатады. IgG класындағы анти-ssDNA жүйелі жегі, ревматоидты артрит, полимиозит/дерматомиозит және т.б сияқты көптеген дәнекер ұлпаның жүйелік ауруларына тән болса, IgM класындағы анти-ssDNA дербес диагностикалық маңыздылығы жоқ. Анти-ssDNA аса жиі ошақты склеродермиясы бар науқастарда байқалады. Анти-ssDNA ошақты склеродермияның әртүрлі нысанында 50 % науқастарда анықталады. Ошақты склеродермия терінің және тері асты май шелінің шектелген фиброзымен сипатталады, бірақ кейде бұлшықет пен сүйек ұлпасын қатыстыру мүмкін.
Аурудың болжамы жүйелік склеродермияға қарағанда қолайлы, өйткені ошақты склеродермия кезінде ешқашан ішкі ағзалар зақымданбайды және Рейно феномені байқалмайды. Ошақты және жүйелік склеродермияны салыстырмалы диагностикалау үшін анти-ssDNA концентрациясын зерттеуге болады. Бұл антиденелер анағұрлым жергілікті, ошақты склеродермия үшін тән. Жүйелік склероздың арнайы белгісі анти-Scl-70 болып табылады. Анти-ssDNA зерттеуінің теріс нәтижесі "ошақты склеродермия" диагнозын толығымен жоққа шығаруға мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн.
Анти-ssDNA зерттеу балалар дерматологиясында анағұрлым диагностикалық маңыздылығы бар. Балаларда жиі кездесетін ошақты склеродермияның түрі – сызықтық склеродермия (en coup de sabre). Бұл ретте фиброз аяқ-қолдың ұзына бойымен немесе тамыр-жүйке будасының жолымен туындайды. Бұлшықет құрылымының қатысуымен терең атрофиялар дамитын ауру мүгедектікке әкеледі. Сызықтық түрдегі склеродермиясы бар науқастарда анти-ssDNA концентрациясының жоғары болуы жақын маңдағы бұлшықет ұлпасының қосарланғанымен байланысты екені көрсетілген, сондықтан бұл антиденелер концентрациясын зерттеу ауру болжамын бағалау үшін пайдалануға болады. Анти-ssDNA деңгейі ошақты склеродермияның белсенділігін көрсетеді. Бұл антиденелердің аса жоғары концентрациясы ошақты склеродермияның жайылған түрі кезінде анықталады. Ауру беті қайтқанда (ремиссия кезінде) антиденелер концентрациясы төмендейді және талдау нәтижесі теріс болады. Осы себепті анти-ssDNA концентрациясын зерттеу аурудың емін бақылау үшін пайдалануға болады.
Анти-ssDNA бар болуы ошақты склеродермияның қатаң спецификалық белгісі болып табылмайтынын айта кеткен жөн. Бұдан басқа, бұл аутоантиденелер дені сау адамның қанында анықталуы мүмкін. Осы себептен талдаудың оң нәтижелі болуы әрдайым осы аурудың бар екендігін білдірмейді. Сондай-ақ ssDNA антиденелері ЖҚН ауруының жедел сатысында науқастың қан сарысуынан 87% жағдайда және 43% ремиссия сатысында анықталуы мүмкін. Бірқатар дәрі-дәрмектерді қабылдаған кезде ЖҚН синдромы дамуы мүмкін. Дәрілік ЖҚН синдромының салыстырмалы диагностикасын жүргізу үшін ssDNA антиденелер деңгейі маңызды диагностикалық критерий болып табылады. Дәрілік ЖҚН синдромы бар науқастарда ssDNA антиденелер деңгейі 50%-дан астам жағдайларда жоғары болады. Бұдан басқа, мононуклеоз, гепатит және лейкемияның кейбір түрлерінде науқастың қан сарысуында ssDNA антиденелер деңгейінің жоғарлауы анықталған. Талдау нәтижесіне түсінік берерде (интерпретация) қосымша клиникалық, зертханалық және аспаптық мәліметтер ескеріліп отырады.