Кері қайту

Протеиназа 3-ке (Anti-PR3) антиденелер

Сынақ Вегенер гранулематозын диагностикалау үшін қолданылады. Протеиназа 3 нейтрофилдерде, моноциттарда және эндотелиальді жасушалардың цитоплазмасында орналасқан шағын нәруыз болып табылады. Нейтрофилдердің цитоплазмасына антиденелердің негізгі антигендерінің бірі болып табылады. Протеиназа 3 антиденелері үштік белгілермен: мұрын-жұтқыншақтың, тыныс алу жолдарының, өкпе және бүйрек зақымдануымен байқалатын ауыр ағымдағы, полиангиитпен қоса жүретін гранулематозды (бұрын «Вегенер гранулематозы» деп аталған) диагностикалауда жоғары спецификалық зертханалық сынақ болып табылады. Бұл ауру жиі полиневритпен жүреді. Протеиназа 3 антиденелердің жоғары титрі белсенді гранулематозды үдерстің толық көрінісі бар 90-95% науқастарда кездеседі. Вегенер гранулематозының жоғары тыныс алу жолдарын зақымдайтын шектеулі түрлері аутоантиденелермен сирек (50-60%) кездеседі. Протеиназа 3 антиденелері басқа АНЦА – ассоцирленген васкулиттерде – микроскопиялық полиангиитте, Чарг-Страусс синдромында және түйінді полиартериитте сирек кездеседі.

Вегенер гранулематозы кезінде антинейтрофильді антиденелердің құрамы клиникалық маңызды және аурудың белсенділігімен байланысты. Титрдің жоғары болуы патогендік иммундысупрессиялық емді жүргізуге негіз бола алады. Жүйелі васкулиттері бар науқастарды серологиялық тексерудің сезімталдығының арттыру үшін қолданыстағы халықаралық ұсыныстар нейтрофилдер цитоплазмасына антиденелерді анықтау үшін иммунофлюоресценттік сынақты, сондай-ақ негізгі антигенге протеинкиназа 3 және миелопероксидазаға антиденелерін қатар қолдануды талап етеді.