Кері қайту

Асиалогликопротеин рецепторларына антиденелер

Аутоиммунды гепатиттің дебютін диагностикалауға арналған сынақ. Асиалогликопротеиндік рецептор бауыр жасушаларымен айқындалады, оның негізгі қызметі қан сарысуының гликопротеиндерін кейінгі эндоцитозбен байланыстыру болып табылады.

Оның айқындалатын басымды жері перипортальды гепатоциттер. Асиалогликопротеиндік рецепторға антиденелер 1 және 2 типтегі аутоиммундық гепатиттің дебюті бар 60-80% науқастарда және аурудың өршуі кезінде байқалады. Біршама жиі антиденелер аутоиммунды гепатиті бар балаларда байқалады. Ремиссия кезінде және емнің тиімділігі кезінде аутоантиденелерді анықтау біршама төмен (10-30%). 

Екінші ұрпақтағы иммундыферменттік сынақ көмегімен асиалогликопротеиндік рецепторға антидене басқа аутоиммундық ауруларда сирек анықталады, сондықтан оларды аутоиммунды гепатиттің арнайы маркері ретінде қарастырған жөн.

С вирустық гепатит кезінде анықталған оң нәтиже вирек болуы мүмкін. асиалогликопротеиндік рецепторға антидене аутоиммунды гепатит белсенділігімен, трансаминаза концентрациясы мен гистологиямен ара қатынасы орнатылған және олардың құрамын емнің тиімділігін мониторингілеу және аурудың өршуін болжау үшін қолдану мүмкін.