Ретикулинуге антидене
Бастапқыда кеміргіштер тіндерінің препараттарымен пациенттердің сарысуы компоненттерінің байланыстырылуын зерттеу кезінде анықталған ретикулинге антиденелер байланыстыру түрі бойынша жіктелген.
Целиак ауруы үшін жоғары патогенді RI антиретикулинді антиденелердің түрі бүйрек қиығының перитубулярлы, перигломерулярлы және периваскулярлық талшықтарымен байланысуымен сипатталады. Генетикалық бейім адамдарда глютенді (астық дақылдары желімшесінің нәруызы) тұтыну ішектің иммунды жанаспалы қабыну ауруының (целиакия) немесе глютенге сезімтал энтеропатияның дамуына әкелуі мүмкін. Целиакия жасушадан тыс матрикс құрылымына, яғни эндомизияға (ішек ұңғылдарының жазық бұлшықет элементтерін қоршаған дәнекер ұлпа) және ретикулинге аутоиммунды антиденелердің және глиалинге антидене (глютен фракциясы) пайда болуымен сипатталады. Мұндай аутоиммундық жауаптың дамуында ұлпалық трансглютаминаза (глютен метаболизміне қатысатын фермент) маңызды фактор болып табылады.
Серологиялық сынақ жүргізу (қан сарысуында эндомизияға, глиадинге, ретикулинге антиденелерді анықтау) целиакия ауруына клиникалық күдік туындаған кезде алдын-ала скринингтік тексеру ретінде пайдалы және гистологиялық зерттеумен биопсияға жіберу мәселесін шешуде бұл шешуші диагностикалық сынақ болып табылады.
Сынақтардың қиыстырылуы (комбинациясы) серологиялық зерттеудің арнайылығы мен сезімталдығын арттырады (глиадинге антиденелер сынақты анағұрлым сезімтал, эндомизий мен ретикулинге антиденелер сынағы анағұрлым арнайы). 2 жасқа дейінгі балаларға сынқаты жүргізген аз ақпарат береді, өйткені целиакия ауруына тән антиденелер әлі дамымауы мүмкін.