Saccharomyces cerevisiae (ASCA IgA) антиденелері
ASCA IgA- бұл ИФТ негізінде адам қан сарысуындағы anti-Saccharomyces cerevisiae (ASCA) IgA антидененің сандық мөлшерін анықтайтын сынақ. Бұл антиденелер S. cerevisiae жасушалық мембранасындағы маннанға қарсы бағытталған.
ASCA талдау ішектің қабыну ауруларын, Крон ауруын және ойық жаралы колиттің әсіресе аурулардың ерте сатыларында салыстырмалы диагностикасын жеңілдетеді. Қан сарысуындағы ASCA концентрациясы Крон ауруымен сырқаттанатын науқастарда ойық жаралы колиті бар науқастармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Зерттеулер Крон ауруымен сырқаттанатын науқастарда IgG-ASCA - 75% және IgA-ASCA - 60% сезімталдылығын көрсетеді. Керісінше ойық жаралы колиті бар науқастардың тек 5%-нда IgG титрі жоғарлаған, ал IgA – тек 7% науқастарда жоғарлаған. Перинуклеарлы антицитоплазмалық антиденелерге (pANCA) қосымша сынақ салыстырмалы диагностиканы жақсартады: ойық жаралы колит кезінде pANCA таралуын 50%-дан 90%-ға дейін, сол уақытта Крон ауруы кезінде 10%-дан 20%-ға дейін құрайды.