Кері қайту

Апельсин, f33

Апельсиннің қабығы оранж түсті және шырынды жеміс. Оның жемістерін көбінесе балғын және шикі күйінде жейді. Шырыны алынып балғын күйінде және мұздатылған концентрат күйінде сатылады немесе желеге, балмұздаққа және т.б. хош иістендіргіш ретінде қолданады. Қабығы да торттарға, мармеладқа және басқа тәттілерге хош иістендіргіш ретінде қосылады. Қабығынан жасалған эфир майы азық-түлік хош иістендіргіші ретінде, сондай-ақ парфюмерияда және дәрі-дәрмектерді жасау кезінде қолданады. Апельсин сезімталдық көрсететін адамдарда азық-түлік аллергиясының бегілеріне әкелуі мүмкін, ал бұдан бұрын өткізілген зерттеулер бойынша балаларда жанама әсер көрсететін негізгі азық-түлік аллергендердің ондығына кіреді. Жүрек айну, қышыма, спазм, іштің ауруы, лоқсу, дирея, ауыз қуысының қышуы, ангионевротикалық ісіну, ентігу, бронхоспазм, ринит, көмекейдің ісінуі, есекжем, гипотензия анафилаксия секілді белгілермен сипатталады. Оральды аллергия синдромы (ОАС) кең таралған құбылыс. Соңғы зерттеу қорытындысы бойынша мәлім болғаны, көбінесе поллинозбен немесе латексге деген аллергиямен байқалатын ересек жаста болатын ОАС қарағанда балаларда болатын ОАС механизмдері басқаша болуы мүмкін. F33 апельсинге адамның қанында ерекше IgE анықтау - осы аллергенге ағзаның әсерін көрсетеді. Зерттеу әдісі: ImmunoCAP әдісі (Қатты фазада иммунофлюоресценция өткізу) Өлшеу бірлігі: kU/l Зерттеуге алынатын биоматериал: көктамыр қаны