Жержаңғақ, f13
Жержаңғақты бүкіл әлем бойынша қолданады, бірақ оның қолданатын түрі географилық жағдайға байланысты өзгеріп отырады, және ол оның аллергендігіне әсер етеді. Қәзіргі таңда, жержаңғақтың 16 аллергені сәйкестендірілді, ал тұқымдардың қосымша ақуыздары кулинарлық өндеу мен ас қорытуға тұрақты. Ara h 1, 2, 3 және 6 жержаңғақтың негізгі аллергендері, және талдау қорытындысы бойынша жержаңғаққа аллергиясы бар 97% пациентте Ara h 1, 2 мен 3 аллергендердің біреуіне болса да сезімталдықты көрсеткен.
Жержаңғақ аллергендері бұршақ тұқымдастарының түрлі өкілдері, жаңғақ, және тозаң секілді басқа да өсімдік өнімдері арасында IgE-иммунохимиялық жанама айқасқан әсер етуіне әкелуі ықтимал түрлі ақуыз тұқымдастарына жатады. Жержаңғаққа аллергия әдеттегідей бала кезінде басталады да адамда өмір бойы сақталып қалады, алайда балалардың ерте жастағы 20%-да толеранттық қалыптасады. Жержаңғаққа аллергияның типтік клиникалық белгілері ангиневротикалық ісік, есекжем, жүрек айнуы, іштің ауруы, лоқсу, ысқырықты дем алу, ентігу ретінде түрленіп, әдеттегідей жержаңғақты жегеннен кейін пайда болады.
Сезімталдық көрсеткен басым көпшілігінде жержаңғаққа аллергияның клиникалық белгілері болмайды. Ara h 1, 2, 3, 6 және 7 қосымша ақуыздарға сезімталдану аса ауыр белгілер мен анафилаксиялық әсердің жоғары қаупімен түйіндеседі, басқа азық-түлік аллергияларға қарағанда жержаңғаққа аллергиясы бар тұлғалар анафилаксияның жоғары қаупіне шалдығады, сонымен қатар азық-түлік анафилаксиямен байланысты өлім оқиғаларының 90% жержаңғаққа сезімтал адамдар арасында болады.
Профилактика жасаудың бірнеше стратегиясы бар, оның ішінде жержаңғақты нәрестелерге ерте жастан бере бастау, жоламау және «жержаңғақсыз» мектептері ұсынылады. Алайда, Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) 2020 жылы АҚШ-та болашақта кеңінен қолжетімді болуы ықтимал, клиникалық қолдану үшін пероралды иммунотерапияны мақұлдаған. f13 жержаңғаққа адамның қанында ерекше IgE анықтау - осы аллергенге деген ағзаның әсерін көрсетеді.
Зерттеу әдісі: ImmunoCAP әдісі (Қатты фазада иммунофлюоресценция өткізу)
Өлшеу бірлігі: kU/l
Зерттеуге алынатын биоматериал: көктамыр қаны