Кері қайту

Қарбыз, f329

Қарбыз – тропикалық және субтропикалық климатта кеңінен өсіріледі. Бұл жемісті үлкен тілімдермен жейді, ал қабығы ұстайтын негіз ретінде, немесе домалақ және кубик ретінде жеміс салаттарына да қосылады. Сезімталдығы бар адамдарда қарбыздан азық-түлік аллергиясының белгілері сирек болады. Аллергиялық әсері оральды аллергия синдромы немесе ауыз жұтқыншақ жағынан (қышуы және/немесе еріндердің, тілдің немесе тамақтың ісінуі), есекжем, дерматит, ангионевротикалық ісік және демікпе ретінде байқалады.

Қарбыздың аллергені Cit la 2 (профилин) құрамында профилин бар басқа да өнімдермен айқасқан әсер көрсетуі мүмкін. Қарбызға деген аллергия басқа да аллергиямен байланысты болады, мысалы қауынға немесе латекске деген аллергияға. F329 қарбызға адамның қанында ерекше IgE анықтау - осы аллергенге ағзаның әсерін көрсетеді. 

Зерттеу әдісі: ImmunoCAP әдісі (Қатты фазада иммунофлюоресценция өткізу) 

Өлшеу бірлігі: kU/l

Зерттеуге алынатын биоматериал: көктамыр қаны