Аспергиллез IgG
Аспергиллёз – Aspergillus (A. niger, A. flavus, A. fumigatus, A. nidulans) тұқымдас зеңді саңырауқұлақтармен шақырылатын топ аурулар. Келесі патологиялар аса жиі кездеседі: аллергиялық брон-өкпе аспергиллезі, өкпенің инвазивті аспергиллезі және аспергиллома. ЛОР-мүшелерінің, көздің, терінің, сүйек ұлпасының, жыныс мұшелерінің зақымдануы, сондай-ақ жайылмалы (септикалық) аспергиллез мүмкін. Аспергиллдер қоршаған ортада: топырақтың жоғары беткейлерінде, дәнді-дақылдарда, пішендерде, ғимараттардағы шаң-тозаңдарда (оның ішінде ауруханалық) кең таралған. Әдетте шаң-тозаңда себілген бөлшектерді дем арқылы ішке жұтқанда жұқтырылады. Ауру бір адамнан екінші адамға берілмейді. Қоздырғыш таралуы жағынан кандида саңырауқұлақтарынан кейін екінші орынды алады. Аспиргиллездің дамуында жетекші рольді ағзаның жергілікті және жалпы иммунды қорғанышының төмендеуі алады. Мысалы: аспергиллездің өкпелік түрі созылмалы бронхит, ӨСОА, бронхоэктаздық ауру, өкпенің туберкулезі, өкпе обыры аясында; ұзақ уақыт бойы глюкокортикоидтармен немесе цитостатиктермен емдегенде байқалады…
Алайда, саңырауқұлақ спораларын үлкен мөлшерде жұтқаннан кейін иммундық ахуалы қалыпты науқастарда жедел диффузды пневмониялар дамуы мүмкін. Арнайы осы ауруға тән клиникалық белгілер жоқ, ауру пневмония, бронхит, туберкулез, өкпе обыры, отит, гайморит түрінде жасырыну мүмкін. Жалғыз алаңдатарлық критерий - бұл стандартты дәрі-дәрмектермен емдеу әсерінің тиімді болмауы болып табылады. Сондай-ақ саңырауқұлақтар қақырықты микроскопиялық зерттеген кезде анықталуы мүмкін. Аспергиллездің диагностикалық белгісі қанда қоздырғышқа қарсы IgG антиденелерінің анықталуы. Олардың көп мөлшерде анықталуы саңырауқұлақтардың адам ағзасында ұзақ жанасқандығын білдіреді. IgG барлық аспергиллездің A. niger, A. flavus, A. Fumigatus түрлеріне тән, бұл диагностикалық реагенттердің және ауруды тудырған аспергилл түрлерінің сәйкес келмеуіне байланысты жалған теріс нәтижені жоққа шығарады. Талдау динамикада емдеудің тиімділігін бақылау үшін де қажет, ол антиденелер концентрациясының төмендеуімен көрінеді. Егер талдау нәтижесі «күмәнді» болса, 2-3 аптадан кейін талдауды қайталау қажет, өйткені антиденелер деңгейі шектес деңгейде жүреді.