Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау арқылы дисбактериозға нәжістің бактериологиялық культурасы*
Адамның ішегінде ~ 3 кг жуық бактерия мекендейді. Олар қалыпты ас қорыту үшін қажетті микрофлоралардан тұрады, бірақ әртүрлі бұзылыстар кезінде кейбір микроағзалардың саны айтарлықтай азаюы мүмкін, соның салдарынан дисбактериоз - бактериялар тепе-теңдігінің бұзылуы туындайды. Мұндай ұзақ жағдайлардың салдары «жағымсыз» болуы мүмкін:
- авитаминоз;
- созылмалы энтероколит;
- анемия;
- гастродуоденит;
- панкреатит.
Алайда адам өміріне қауіпті:
- перитонит;
- сепсис;
- шек обырына әкеп соғуы мүмкін.
Талдауға нәжісті алар алдында дайындық ережесін сақтаған жөн:
1. Алдын-ала ыстық сумен шайылмаған немесе салқын ауада кептірілмеген, әбден жуылмаған, алдын-ала залалсызданбаған дәрет ыдысына нәжіс шығарылғаннан кейін бірден сынамаға жинау;
2. Нәжісті дәретхана қағазының көмегімен жинауға болмайды, өйткені дәретхана қағазының бетіндегі барий тұздары кейбір ішек патогендерінің өсуін тежейді;
3. Нәжістің зәрмен араласып кету (контаминация) ықтималдығын болдырмау керек, өйткені дәйексіз нәтижелер алынуы мүмкін;
4. Нәжіс сынамасын бірден нәжіс шыққаннан соң стерильді контейнерге бекітілген қасық-қалақтың көмегімен жинап алады. Құрамында шырыш, ірің, үлпек, бірақ қан жоқ патологиялық қоспалары болған кезде, сол аймақтарды іріктеп алу керек. Сұйық нәжісті пастер тамшуыры түтікшесінің көмегімен жинайды.