Бета (β)- гемолитикалық стрептококк топтың (A,B, C, D, F, G, GBS) антибиотиктерге сезімталдықты анықтамай, бактериологиялық зерттеу
Стрептококк жұқпасы қазіргі уақытта ең көп таралған жұқпалардың бірі болып табылады. Зақымданудың орналасуына және стрептококк түріне байланысты келесі аурулар байқалуы мүмкін:
- Streptococcus pyogenes – Фарингит (жұтқыншақ пен бадамша бездерінің шырышты қабығының қабынуы), тонзиллит (таңдай бадамша бездерінің қабынуы), жаралар мен тері жұқпалары, қызамық (жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел инфекциялық ауруы, терідегі тән бөртпелермен қатар жүреді), пневмония (өкпенің қабыну ауруы), ревматикалық қызба, гломерулонефрит (бүйректің қабыну ауруы), эндокардит (өте сирек).
- S. agalactiae - Сепсис, босанғаннан кейінгі немесе неонатальды сепсис, менингит, тері инфекциясы, эндокардит, септикалық артрит, неесеп шығару жолдарының инфекциясы
- S. equi, S. equimilis, S. zooepidemicus, S. canis - Фарингит, пневмония, целлюлит (тері мен тері астындағы тіндердің терең қабынып зақымдануы), пиодермия, тілменің қабынуы, импетиго, жараның инфекциясы, босанғаннан кейінгі сепсис, неонатальды сепсис, эндокардит, септикалық артрит
Бұл аурулардың барлығы өмірге елеулі қауіп төндіреді және дұрыс емделмеген немесе мүлдем емделмеген жағдайда, күтпеген салдарға әкелуі мүмкін. Осылайша, мысалы, тонзиллит (таңдай бадамша бездерінің қабынуы) көбінесе басқа органдардың зақымдалуына алып келеді. Ең жиі кездесетін асқынуларға тері аурулары (экзема, псориаз және т.б.), несеп-жыныс жүйесінің аурулары, қалқанша безі функциясының өзгеруі, артрит (буын тінінің қабынуы), жүрек тіндерінің қабынуы (эндокардит, миокардит) жатады.
Зерттеу тек стрептококк жұқпасын анықтауға бағытталған, бұл ретте, өсуді тежейтін немесе стрептококк колонияларына әсер ететін ілеспе микроағзалар әдейі басылады.