Кері қайту

Бруцеллез IgА

Бруцеллез – адамның көптеген мүшелерін зақымдаумен сипатталатын, бруцелл тұқымдас бактериялармен шақырылатын жұқпалы ауру.

Аурудың себептері:

  • Ауылшаруашылық жануарларымен (ешкі, қой, сиыр және шошқа) байланыс кезінде
  • Мал өнімдерін (сүт, ет, ірімшік, сүзбе) жеу арқылы

Бруцеллездің үш түрі адам үшін қауіпті болып табылады:

  1. Brucella abortus (ірі қара мал)
  2. B. melitensis (ұсақ мал)
  3. B. suis (шошқа)

Аурудың белгілері:

  • Қызба, қалтырау, жалпы әлсіздік, сырқаттану, бас ауруы, лоқсу, құсу, іш өту немесе іш қату
  • Тәбеттің болмауы
  • Бұлшықеттердің, буындардың ауырсыну
  • Буындардың ісінуі
  • Өкпеге қарай таралған болса жөтел және ентікпе

Диагностикасы:

  • Серологиялық талдау
  • Антиденелердің (IgA, IgG, IgM) анықталуы

Ескертпе: Антиденелер жоғары болғанымен, иммунитет бруцеллезды әрдайым жеңе алмайды. Аурудың созылмалы түрінде IgA қайта пайда болады.