CYFRA (өкпе, қуық)
CYFRA (CYtokeratin FRAgment) – өкпенің және қуықтың ісік ауруларын скринингтік диагностикалау үшін қанда еритін цитокератин – 19 қалдығынның концентрациясын анықтайтын талдау.
Цитокератиндер – бұл 20 жуық типтері белгілі эпителиальді жасушалардың құрамына кіретін құрылымдық нәруыздардың тобы. Цитокератин-19 өкпе ұлпасына көбірек тән, ал қуықта ол аз. Осы мүшелерде ісік аурулары дамыған кезде ісік жасушалары көп мөлшерде цитокератин-19 синтездей бастайды, қанда оның қалдықтарының анықталуы (CYFRA) науқасты ісікке егжей-тегжейлі тексеруге түрткі болып табылады. «Обыр» диагнозын қою стандартына сәйкес ол гистологиялық расталуы қажет, демек CYFRA талдау. жаппай тексеру кезінде қатерлі ісік ауруының жоғары қаупі бар адамдар тобын анықтауға мүмкіндік беретін скринингтік әдіс болып саналады.
Жиі талдаудың оң нәтижесі өкпенің немесе қуықтың обыры туралы айғақтайды. CYFRA қандағы концентрациясы аурудың ауырлығымен тікелей байланысты, бұл әдісті болжамдық мақсатқа қолдануға мүмкіндік береді. Бұл талдауды тағайындаудың тағы бір мақсаты – хирургиялық емнің тиімділігі мен аурудың қайталанбағандығын бақылау. Әдістің сезімталдығы обырдың І (бастапқы) даму сатысында анықтай алады.
Еуропа онколог-сарапшылары (European Group of Tumor Markets) өкпедегі ісік үрдісін диагностикалау және ағымына мониторинг жасау үшін бір уақытта үш онкомаркерлерді пайдалануды ұсынады: CYFRA РЭА NSE
Сондай-ақ оқыңыз: «Онкомаркерлер не туралы айта алады», «Қатерлі ісік ауруының 10 негізгі белгілерін білген абзал»?