Талдаулар тізіміне

Биологиялық материалдан COVID-19 вирусының РНҚ-н полимеразды тізбекті реакция әдісімен анықтауға арналған диагностикалық тест

Коронавирустар – жануарлар мен адамдарды зақымдайтын бүтін вирустар тұқымдастығы. Дегенмен осы тұқымдастықта адамға қауіпті түрі (SARS- CoV2, немесе 2019-nCoV) ауыр ағымды жедел респираторлық синдромды ажыратады.

«Коронавирус» атауы немен байланысты? Коронавирустар РНҚ вирустарға жатады, олардың нуклеокапсид құрамына тікенек пішінге ұқсас гликопротеиндер кіреді, вирус визуалды түрде тәжге ұқсауының арқасында осылай аталған. Ухань қаласынан табылған SARS- CoV2 коронавирус құрылысы жағынан жарқанаттар коронавирусына ұқсас, олар вирустың жаңа штамының негізгі көзі болып табылуы әбден мүмкін.

Көптеген респираторлық аурулардың симптомдары бір- біріне ұқсас болады: шаршау сезімі, жоғары температура, қызба, тыныстың қиындалуы, жөтел және/немесе тамақтың ауырсынуы, ентікпе. Алайда мұндай клиникалық көрініс COVID-19 инфекциясы дәлелденген немесе жорамалданған адаммен 2 апта бұрын қарым-қатынаста болғанда дамиды, яғни сол кезде алаңдауға негіз бар. Жұқтырылған сәттен бастап симптомдардың даму кезеңін инкубациялық кезең деп атайды. COVID-19 үшін инкубациялық кезең 4-14 күнді құрайды.

Барлық респираторлық ауруларда COVID-19 - қоса алғанда негізі таралу жолы ауа-тамшылы. Бірақ қауіптілік тек инфицирленген адаммен қатынаста болғаннан ғана емес, вирустың ауа-тозаңды және қатынасты жолмен берілуінен, яғни адам лас қолымен вирусты ағзаның шырышты қабаттарына енгізуінен туындауы мүмкін.

ПТР талдауы мұрын-жұтқыншақтан немесе ауыз-жұтқыншақтан алынған жағындыдан SARS- CoV2 коронавирус РНҚ анықтауға арналған.