Кері қайту

Флороценоз-Аэробтар (Enterobacteriaceae, Streptococcus spp., Staphylococcus spp.), ДНК-ның сандық мөлшерін анықтау

Флороценоз – әйел адамдарда урогенитальді инфекцияларды анықтайтын, тағайындауда өзінің негізділігімен, ақпарттылығымен және орындылығымен ерекшелінетін диагностикалық сынақтың жаңа ұрпағы. Ол нақты диагнозды қоюға мүмкіндік береді, қынаптың биоценозын (флорасын) бұзатын негізгі микроағзалар жинағын қоса емдеу өзгешелігін таңдауға көмектеседі.

Зерттеу бағытының бірі - аэробты вагинитті шақыруға қабілетті шартты-патогенді аэробты бактерияны анықтау болып табылады. Дені сау әйел адамның қынабының биоценозында ішкі қышқыл ортаны жасаушы және жергілікті иммунитетті жүзеге асыруға қатысатын лактобактериялар (Дедерлейн таяқшалары) басым болады. Қалыпты жағдайда қынап флорасында аз мөлшерде шартты-патогенді микроағзалар: Staphylococcus, Enterobacteriaceae, Streptococcus болуы мүмкін. Иммунитет төмендеген кезде (вирустық инфекциялар, ашығу, жарақаттар) олар жылдам көбеюге қабілетті және лактобацилланың өліміне әкеледі.