Кері қайту

Флороценоз-Бактериалды вагиноз (Gardnerella vaginalis, Atopobium vaginae, Lactobacillus spp., Bacteria spp.), количественное определение ДНК

Бактериальді вагиноз – лактрофлора толығымен немесе жартылай факультативті-анаэробты бактериялармен басым болатын жағдай. Gardnerella vaginalis және Atopobium vaginae — бактериальді вагиноздың дамуында жауапты шешуші микроағзалар. Негізгі көрінісі – қынаптан жағымсыз иісті бөліністердің болуы.

БВ мерзімінен бұрын босануға, қағанақ сұйықтығының залалдануына, хориоамнионитке, жамбас мүшелерінің қабыну ауруларына, цервицит пен әртүрлі жыныстық инфекцияларға жоғары қабылдағыштыққа ықпал жасауы мүмкін.

Флороценоз зерттеуі – Бактериальді вагиноз лактобактериялар мен бактериальді вагиноз дамуының негізгі маркері Gardnerella vaginalis ара қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сапалық форматта Gardnerella vaginalis анықталуы іс жүзінде диагностикалық және клиникалық құндылығы жоқ. Оның мөлшері мен лактофлорамен ара қатынасын білу маңызды.

Бұл зерттеу бактериальді вагиноздың дамуына себепші, бірақ метронидазолдық қатардағы дәрілік заттарға төзімді Atopobium vaginae микроағзасын анықтайды. Яғни Флороценоз зерттеуі –Бактериальді вагиноз қынаптағы микрофлораның бұзылысын диагностикалап қана қоймай, ұтымды фармакотерапияны тағайындауға мүмкіндік береді.