HBsAg (V2) (В гепатиті - үстіртін немесе австралиялық антиген)
HBsAg («АШ-БЭ-ЭС антиген») қанда анықтау – В гепатитін диагностикалаудың скринингтік әдістемесі. Талдау ағза вируспен жанасқан кезде арнайы антиденелер өндірілу түрінде иммундық жауап пайда болатындығына негізделген. HBsAg – бұл иммунитетті арандатушы вирустың сыртқы қабатының компоненті. Яғни, иммунитеттің күресу мақсаты - HBsAg қарсы антидене өндіру арқылы «көзін жою» болып табылады, олардың жанасу кезінде вирустың бұзылысы жүреді. Көбінесе бұл антигенді инкубациялық кезеңде анықтауға болады. Ауру басталғаннан кейін 6 айдан соң қанда анықталуы – гепатиттің жедел түрден созылмалыға өтуідің белгісі.
Гепатит В («Б») – В гепатит вирусымен (ВВГ) шақырылатын және адамнан адамға парентеральді механизм бойынша – яғни залалды қан арқылы беріледі. Жұқтырылу - жыныстық жолмен, анадан ұрыққа, залалданған тұрмыстық заттар мен медициналық жабдықтар арқылы (инелер, скальпель, қайшы, ұстара, тарақ, тіс щеткалары және т.б.), қан құю кезінде болады. Вирус көптеген биологиялық сұйықтықтарда болады, олар: қан, сілекей, зәр, шәует, қынап және жұлын сұйықтықтары, етеккір қаны. ВВГ жұққыштығы (контагиозды) АИТВ 100 есе асып түседі деп саналады! Вирус сыртқа ортаның агрессивті факторларына жоғары тұрақтылықты танытады: төмен немесе жоғары температура, қышқылдар мен сілтілерге әсері. Бөлме температурасында ВВГ бірнеше күн (мысалы, иненің ұшында немесе ұстарада кепкен қан дағы) сақталады. Мұздатылған қан сарысуында – 15 жыл сақталады.
Тем не менее, невозможно инфицироваться данным гепатитом держась за руки, пользуясь общей посудой, через поцелуй или объятие, при кашле, чихании, грудном вскармливании. Алайда, қолдан ұстағанда, ортақ ыдыс-аяқты пайдаланып, сүйісу немесе құшақтау арқылы, жөтелу, түшкіру, емізу кезінде гепатитті жұқтыру мүмкін емес.
Аурудың клиникалық көрінісі бірқатар маңызды ерекшеліктерге ие:
- Инкубациялық кезең (жұқтырған сәттен бастап бірінші клиникалық белгілерге дейін) 60-120 күнді құрайды. Вирус бауыр жасушаларына еніп, өзінің ДНҚ кодын бауыр жасушасының ДНҚ-құрылымына кіріктіріледі. Адамның иммундық жүйесі жұқтырылған жасушаны бөгде ағза ретінде қабылдап оған шабуыл жасайды. Соның салдарынан бауырдың қабынуы – гепатит дамиды. Егер иммунитет қоздырғышпен күресе алса, онда ауру жазылады. Егер күресе алмаса, онда аурлу созылмалы түрге ауысады.
Созылмалы гепатит ағымы толқын тәрізді, циклдік сипатқа ие болады:
- Өзіне сәйкес өндіру (репликации) кезеңі: бауыр жасушасының ішінде (гепатоциттерде) вирустың көбеюі. Бұл кезеңде айрықша клиникалық белгілер жоқ.
- Біріктіру (интеграция) кезеңі: гепатоциттерден жаңа вирустық бөлшектер шығып, қан ағымымен бауырдың басқа залалданбаған бөлімдеріне тасымалданады. Бұл кезеңде аурудың айқын клиникалық көрінісі байқалады.
В гепатиттің клиникалық көрінісі: Ауру жалпы хал-жағдайдың нашарлауынан, тәбеттің жоғалуынан, доқсу және құсудан, түгел денесінің ауырсынуынан, дене температурасының 37-38 градусқа дейін көтерілуінен басталады. Нәжіс ақшылданып, зәр - қара қошқыл болады, сарғаю көздің ағында, кейін тері жамылғысында болады. Сарғаю терінің қатты қышынуымен жүреді. Гепатиттің әрі қарай дамуы емделушінің иммунитеті мен уақытылы және адекватты емдеуге байланысты болады. Созылмалы вирусты гепатит бауыр циррозының (қайтымсыз ауыр өзгерістер) немесе бауыр обыры – гепатоцеллюлярлы карционманың себебі болуы мүмкін.
В гепатиттің серологиялық маркерлері:
Маркер | Ауру кезеңі | Сауығу кезеңі | Сауыққаннан кейін серологиялық ахуалы |
---|---|---|---|
Инкубациялық кезең | аурудың жедел фазасы басталуы | аяқталуы | белсенді репликация |
ВВГ репликация фазасының соңы | ҰЗАҚТЫҒЫ | 4 – 12 апта | 1 – 2 апта |
---|---|---|---|
HBsAg | +++++/- | -- | -- |
HBeAg | -++--- | -- | -- |
Anti-HBc IgM | --+++/-- | -- | -- |