Хламидиоз IgА
Талдау жыныстық инфекцияларды серологиялық диагностикалауға жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелер (хладимиоз) анықталатын қан болып табылады. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда хламидия (Chlamydia trachomatis) антиген болып табылады.
Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM.
Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет хламидиозбен әрқашан күресе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тән өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. IgA антиденелері жұқтырылғаннан кейін 10-15 күннен соң өндіріледі. IgA негізгі орналасатын жері- бұл шырышты қабаттар. Біріншілік жұқтырылудың жедел сатысын диагностикалау үшін IgM тағайындаған абзал, бірақ созылмалы ағымның қайтадан өршуін анықтау үшін жақсы көрсеткіш - IgA болады.
Хламидиоз несеп-жыныс мүшелерінің қабынуымен қоса буындардың, тік ішектің, өкпенің тіпті көздің қабынуын туыдырады. Сондай-ақ хламидиозды диагностикалау үшін ПТР, ИФР әдістері қолданылады
Толығырақ хламидиоз туралы мақаланы оқыңыз: «ХЛАМИДИОЗҒА ТЕКСЕРІЛУДІҢ 8 СЕБЕБІ»