Кері қайту

Хламидиоз IgM

Талдау жыныстық инфекцияларды серологиялық диагностикалауға жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелері анықталатын қан болып табылады. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда хламидия (Chlamydia trachomatis) антиген болып табылады.

Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM. Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет хламидиозбен әрқашан күресе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тән өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. IgМ антиденелері жұқтырылғаннан кейін 5-ші күннен бастап өндіріледі. IgM концентрациясының шарықтау шегі 1-2 аптаға жетеді, содан кейін олардың концентрациясы біртіндеп төмендейді және 2-3 айдан кейін, тіпті емделусіз толығымен жоғалады, олардың орнына IgG келеді. Егер хламидиоздың созылмалы ағымында қайтадан өршуі болса, онда IgМ қайтадан пайда болады.

Хламидиоз несеп-жыныс мүшелерінің қабынуымен қоса буындардың, тік ішектің, өкпенің тіпті көздің қабынуын туындатады. Сондай-ақ хламидиозды диагностикалау үшін ПТР, ИФР әдістері қолданылады. Толығырақ хламидиоз туралы «ХЛАМИДИОЗҒА ТЕКСЕРІЛУДІҢ 8 СЕБЕБІ» мақаласынан оқыңыз.