Кері қайту

Кешью rAna o 3 IgE, f443

Ana o 3 суда еритін 2S-альбумин, кешью жаңғағы тұқымының қосалқы ақуызы (Anacardium occidentale) болып табылады.

Аna o 3-ке сезімталдық кешью аллергиясы бар адамдарда ауыр жүйелік реакциялар мен анафилаксияны тудырады. Бұл ақуыз асқазан мен ішектің ас қорытуына пепсин мен трипсинге төзімді келеді. Ana o 3 иммунореактивтілігі ағарту, автоклавтау немесе қуыру (10 мин) сияқты термиялық өңдеу әдістерімен төмендейді, бірақ ол жоғары температурада (20 мин үшін 170℃) өңдеу кезінде жоғарылауы мүмкін.

Аллергокомпонентті диагностиканың негізі аллергендердің табиғи жоғары тазартылған және рекомбинантты молекулаларын, яғни олардың жеке аллергокомпоненттерін пайдалана отырып, молекулалық деңгейде аллергендерге сезімталдықты анықтау болып табылады.

Бұл зерттеуді жүргізудің 3 негізгі артықшылығы бар:

  • Аллегрокомпоненттік диагностика нағыз сезімталдықты айқыш-реактивтілікке байланысты сезімталдықтан ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл деректер аллергия көздерін анықтауға көмектеседі: бір жалғыз, бірнеше жақын туыстық немесе көптеген әртүрлі.
  • Молекулалық аллергодиагностика арандатушылық сынақтардың қажеттілігін жояды және аллергендермен байланысын жоюға қатысты нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.
  • Молекулалық аллергодиагностика АСИТ-ті таңдауда қажет, поливалентті (көп) сезімталдықпен адамдарда емдеу жүргізілетін ең маңызды аллергенді анықтаудың ең дәл әдісі болып табылады.

Аллергенді заттың құрамына аллергендер ретінде әрекет ете алатын бір емес, бірнеше ақуыз компоненті кіреді:
Мажорлық аллергокомпоненттер – бұл негізгі аллергенді молекулалар, оларға антиденелер осы қайнар көзге жауап беретін популяциядағы емделушілердің жартысынан көбінде – 50%-ында кездеседі. Олар ыстыққа төзімді және иммуногенді болып табылады. Көлемі бойынша ірі және осы аллергенде көп мөлшерде болады.

Минорлық - бұл кішігірім, анағұрлым ұсақ және аз иммуногенді аллергенді молекулалар, олар аллергеннің құрамында әдетте аз мөлшерде болады, бірақ көптеген әртүрлі аллергендерде де болады,, кейде бір-бірімен тығыз байланысты емес, айқыш-аллергияны қамтамасыз етеді.. Яғни, таралуы 50%-дан асатын аллергендер мажорлық, ал 10%-дан азы минорлық деп аталады.

Сонымен қатар, Ana o 3 кешью жаңғақтарына алғашқы сезімталдықтың маркері бола алады. Басқа тағамдық аллергендерге сезімталдықсыз Anna о 3 моносезімталдығы ауыр анафилаксияның ең күшті болжаушысы болуы мүмкін.

Кешью жаңғағы мен пісте арасында олардың 2S альбуминдері арасындағы айқыш-реактивтілікке байланысты кең айқыш-реактивтілік туралы хабарланды, яғни Ana o 3 және Pis v 1 (пісте). Сонымен қатар, Ana o 3 сондай-ақ Jug r 1 (грек жаңғағы) және белгілі бір дәрежеде Cor a 14 (орман жаңғағымен) өзара әрекеттеседі. 

Зерттеу әдісі: ImmunoCAP әдісі (Қатты фазадағы иммунофлуоресценция)

Өлшем бірліктері: kU/l

Зерттеуге арналған биоматериал: күретамыр қаны