Қызылша IgM
Қызылша – парамиксовирустра тұқымдастығының вирусы тудыратын жедел жұқпалы ауру. Аурудың айрықша ерекшелігі оның аса жоғары жұққыштығында болып отыр. Ауру ауа-тамшылы жолмен жұғады. Қызылша бүкіл әлем бойынша жас балалардың өлімінің негізгі себептерінің бірі болып саналатынын есте ұстаған жөн. Аурудың клиникасы дене температурасының 40,50 С дейін көтерілуі, ауыз қуысының, жоғары тыны салу жолдарының және көз конъюнктивасының шырышты қабаттарының қабынуы. Тері жамылғысында арнайы дақты-папулездік бөртпелер пайда болады.
Серологиялық зерттеу әдістері «қызылша» диагнозын әсіресе оның жасырын немесе атипиялық түрлерін ажырату үшін қажет. IgM антиденелері аурудың жедел кезеңінде ауруға тән теріде бөртпелер пайда болған соң 1-2 тәулікте (басқа деректер бойынша 80% науқастарда 5-6 күннен кейін) пайда болады, 7 күннен кейін 95%-ында. Иммуноглобулиндер концентрациясының көбею шыңы 2-3 аптадан кейін байқалады. Әрі қарай олардың концентрациясы бір деңгейде 4 апта бойы болады, содан соң біртіндеп қанағымынан жойылып кетеді.
Науқастырдың жартысында IgM аурудың басталуынан кейін толығымен 4 айдан соң жойылып кетеді. Бөртпелер пайда болмай тұрып талдау жүргізген кезде – теріс нәтиже болуы мүмкін, бұл жағдайда зерттеуді 1-2 аптадан соң қайталаған жөн. Зерттелушіде созылмалы белсенді гепатит, жүйелі қызыл ноқта немесе инфекциялық мононуклеоз болған кезде жалған оң нәтиже болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз: "Жеңілмеген қызылша вирусы", "Қызылша – қатерлі асқынулары бар балалар иныекциясы"