Кері қайту

Қандағы кортизол (хроматография)

Глюкокортикоидтар гормондары - прогестероннан және бүйрек үсті безі қыртысының шоқ қабатындағы 17-гидроксипрогестеронның белсенді түрінен синтезделетін стероидті класс. Олар қабынуға қарсы айқын көрінетін әсерін көрсетеді, көмірсутек алмасуына белсенді әсер ете отырып және қандағы глюкоза концентрациясының өсуіне ықпал ете отырып, ақуыз құрылымдарының ыдырауын жандандырады. Глюкокортикоидтар көмірсутекті емес бастамашылардан глюкоза пайда болу (глюконеогенез) және май қорларын ыдырату (липолиз) үдерістерін ынталандырады, бұл дененің май массасын, әсіресе созылмалы стресстің әсерінен іш тұсында қайта бөлуге әкелуі мүмкін.

Кортизол - қорғаныш функциясын және артериялық қысымға реттеушілік әсерін орындайтын бүйрек үсті бездерінің негізгі гормоны. Ол ақуыз, май және көмірсутек алмасуының метаболикалық үдерістеріне белсенді қатысады. Кортизол өндірісі адренокортикотроптық гормонмен (АКТГ), гипофизбен - мидың кішігірім безімен бақыланады.

АКТГ мен кортизолды реттеу тетігі кері байланыс арқылы жүзеге асырылады: кортизол деңгейінің төмендеуі АКТГ синтезінің ұлғаюын тудырады, бұл өз кезегінде гормонның қалыпты деңгейін қалпына келтіреді.

Кортизолдың жоғары немесе төмен деңгейлері бүйрек үсті бездері деңгейінде де, әсіресе ісік үдерістері болған кезде гипофиздегі де бұзылулардың салдары болуы мүмкін. Гормонның жетіспеушілігі жалпы симптомдармен көрінеді: салмақ жоғалту, әлсіздік, күштің төмендеуі, артериялық қысымның төмендеуі және іштің ауыруы; қиын жай-күй шұғыл медициналық көмекті талап етуі мүмкін.

Кортизолдың артық мөлшері қандағы қанттың ұлғаюына, артериялық қысымның көтерілуіне, май тінінің таралуының абдоминалдық типіне тән семіздікке әкеледі. Сондай-ақ тері жамылғысының жұқаруы және іш бүйірлерінде күлгін қырлардың пайда болуы байқалады.

Деңгейдің ұлғаюы келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  • Иценко-Кушинг синдромы;
  • Иценко-Кушинг ауруы;
  • гипофиз дисфункциясы және АКТГ жеткіліксіз секрециясы (эктопиялық АКТГ-синдром);
  • бүйрек үсті бездерінің ісіктері;
  • гипертиреоз;
  • көпжылауықты аналық бездер синдромы;
  • семіздік;
  • гипогликемия;
  • бауыр циррозы;
  • теңгерілмеген қант диабеті;
  • стресс, ұзаққа созылған депрессия;
  • атропин, АКТГ, кортикотропин-рилизинг-гормон, кортизон, синтетикалық глюкокортикоидтар, эстрогендер, глюкагон, инсерлин, интерферондар (a-2, b, g), интерлейкин - 6, опиаттар, пероралдық контрацептивтер, вазопрессин, опиаттар қабылдау.

Деңгейдің төмендеуі келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  • бүйрек үсті қыртысының туа біткен жеткіліксіздігі;
  • бүйрек үсті бездерінің гиперплазиясы бар адреногениталды синдром;
  • гипофиз дисфункциясы (гипопитуитаризм);
  • Аддисон ауруы;
  • Нельсон синдромы;
  • гипотиреоз;
  • бауырдың (гепатит, цирроз) және билиарлық жолдың жүйелі аурулары мен патологиялары;
  • барбитураттар, беклометазон, клонидин, дексаметазон, дезоксикортикостерон, декстроамфетамин, эфедрин, этомидат, кетоконазол, леводопалар, магний сульфаты, мидазолам, метилпреднизолон, морфин, азот тотығы, литий,  триамцинолон (ұзақ емделу кезінде) препараттарын қабылдау