Кері қайту

Қандағы марганец (Mn)

Марганец – тірі табиғатта еркін түрде кездесетін, сондай-ақ адам ағзасының кейбір органикалық және бейорганикалық қосылыстарының құрамына кіретін элемент. Ол сүйек тінін қалыптастыру, ақуыздарды, АТФ молекулаларын синтездеу және жасушалық метаболизмді реттеу үшін қажет. Бұдан басқа, марганец еркін радикалдарды бейтараптандыратын супероксиддисмутаза (марганец) түрлерінің бірінің және глюконеогенез ферменттерінің кофакторы ретінде әрекет етеді.  Бұл микроэлемент ағзаға тамақпен бірге түседі. Ол орман және грек жаңғақтарында, жержаңғыда, шпинатта, қызылшада, сарымсақта, өрікте және басқа да кейбір өнімдерде көп мөлшерде кездеседі. Ересек адамның марганецке тәуліктік қажеттілігі 1,8-2,6 мг құрайды. Әдетте тамақтан түсетін марганецтің тек 1-3% ғана ішекке сіңеді, ал көп бөлігі нәжіспен шығарылады.  Басқа микроэлементтермен сияқты марганец концентрациясы өте төмен, бірақ физиологиялық функцияларды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деңгейде ұсталады. Оның теңгерімінің бұзылуы жіті немесе созылмалы сипатта болуы мүмкін және қандағы марганецке талдау жасау арқылы диагностикаланады.  Марганец тұздарымен тағамдық улану өте сирек кездеседi, өйткенi әдетте ішекке оның аз бөлiгi ғана сіңеді. Улану жағдайларының басым көпшілігі – бұл марганец шаңының жұтылуына байланысты созылмалы улану мысалдары. Кен өндіру және болат өндірумен айналысатын жұмысшылар ең үлкен тәуекелге ұшырайды.