Зәрдегі мыс (Cu) (хроматография)
Мыс – көптеген ферменттер құрамына кіретін өмірлік маңызды микроэлемент. Ол гемоглобинді синтездеуге, тотығу-тотықсыздану үрдісіне, дәнекер ұлпаның қалыптасуына, меланин пигментінің синтезіне және жүйке жүйесінің қызметіне қажет.
Мыс көптеген тағамдық өнімдердің құрамында бар, олар: жаңғақтар, шоколад, саңырауқұлақтар, дәнді дақылдар, кейбір теңіз өнімдері, бауыр, қақталған жемістер. Ауыз су құрамына мыс аз мөлшерде мыс құбырларынан, мыс ыдыс-аяқтар арқылы түседі. Аталмыш микроэлемент ішекте сіңіріледі, содан соң нәруыздармен байланысып, уытсыз күйге ауысады және бауырда тасымалданады. Мыс бауырда жинақталады және церулоплазмин нәруызымен кешен түзіп, қажет болған кезде ағзаның әрбір аймақтарына жеткізіледі. Мыстың 95% қан айналымында церулоплазминмен байланысқан, ал қалған 5% альбуминмен байланысқан. Мыстың тек азғантай ғана бөлігі бос күйінде қанда болады. Микроэлементтің шамадан тыс мөлшері ағзадан өт және зәр арқылы шығарылады. Қалыпты жағдайда зәрдегі мыстың мөлшері шамалы. Мыстың тапшылығы немесе шамадан тыс көп болуы сирек туындайды, бірақ аурудың зардабы ауыр болады.
Мыстың тапшылығы келесіге әкеледі:
- нейтропенияға,
- анемияға (темір дәрі-дәрмекмен түзетілмейтін),
- остеопорозға,
- сүйектер мен буындардың әртүрлі зақымдануына,
- тері реңденуінің төмендеуіне,
- неврологиялық симптомдарғажүрек жұмысының бұзылыстарына.
Жетіспеушілік себептері:
- аш ішек аурулары,
- мырыш пен кадмий құрамы жоғары дәрілік заттарды қабылдау (оған қоса, мультидәрумендер).
Мыс деңгейінің артуы байқалады:
- біріншілік билиарлы цирроз кезінде,
- біріншілік беріштенуші холангитте,
- гемохроматозда,
- қатерлі ісіктерде (оған қоса лейкозда),
- тиреотоксикозда,
- инфекцияларда,
- контрацептив немесе эстрогендер қабылдағанда,
- жүктілік кезінде.
Талдау тапсыруға дайындық.
• Зәрді жинау қарсаңында ішімдікті, ащы және тұзды тағамдарды, зәрдің түсін өзгертетін тағамдарды (қызылша, сәбіз) қабылдау ұсынылады.
• зәрді жинаудан 48 сағат бұрын зәр айдайтын дәрі-дәрмектерден бас тарту (дәрігердің келісімі бойынша).
• Талдау қарсаңында физикалық және эмоционалдық күш жұмсаудан бас тарту.
• Зәрді жинар алдында сыртқы жыныс мүшелерін мұқият тазалау; • Әйелдерге етеккір уақытында талдау жасауға кеңес берілмейді.
• Емшектегі балаларда – сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуу, зәрді несеп қабылдағышқа жинаған дұрыс. Жөргектен сығылып алынған зәр зерттеуге жатпайды.
• зәр «ОЛИМП» КДЗ емшара бөлмесінен немесе дәріханадан алдын-ала сатып алынған стерильді зәрге арналған бірреттік контейнерге жиналады;
• зәр жиналған соң ыдыстың беті нығыздалып жабылады, таза бірреттік қалтаға салынып, «ОЛИМП» КДЗ емшара бөлмесіне жеткізіледі.