Mycoplasma pneumoniae IgА
Микоплазма – жасушалық қабырғасы жоқ бактерия тегі. Аталған факт микоплазмалар тудыратын ауруларды антибиотиктермен емдеу үшін таңдау жасаған кезде үлкен рөл атқарады. Көптеген антибиотиктердің (мысалы, пенициллиндер) әсері бактерияның жасушалық қабырғасын бұзуға бағытталған, бұл ретте микоплазмалар антибактериалды заттардың мұндай әсеріне ұшырамайды. Mycoplasma pneumonia («микоплазма пневмониа») тыныс алу жолдарын зақымдауға қабілетті болып, келесі ауруларды тудырады: пневмонияны жиі), ортаңғы құлақтың отиті, трахеобронхит, фарингит тіпті, менингит – бас миы қабатының қабынуы. Қоздырғыш шартты-патогенді микроағзаларға жатады, яғни ағзада жалпы иммунитеттің төмендеуі, салқын тию, қосалқы аурулардың болуы сияқты оған қолайлы жағдайлар туындағанда аурудың себебі бола алады. M. pneumoniae шақыратын аурулар жыл мезгілеріне және аймақтың географиялық ерекшелігіне байланысты емес. Балалардағы және қарт адамдарда ауруханадан тыс пневмониялардың шамамен 40% M. pneumonia байланысты, себебі бұл санаттағы науқастар қоздырғышты аса қабылдағыш болып келеді (В Уэйтс "M. pneumoniae и ее роль, как патогена человека "Clin. Microbiol, 2004). Жасушалық қабырғасы болмағандықтан микоплазма адам ағзасынан тыс жерде ұзақ бола алмайды. Қоздырғыштың берілуі ауру адаммен тығыз қатынас кезінде болуы мүмкін, яғни жөтелмен микоплазманы сыртқы ортаға бөледі. Микоплазмалық инфекцияның таралуы әдетте тығыз қатынаста болған топ адамдарда байқалады, олар мектепте, казарма, бала бақшалар және басқалары. Микоплазмалық пневмонияның клиникалық білгілері кәдімгі пневмониядан айырмашылығы жоқ. Микоплазмалық пневмония туралы ойлауға итермелейтін жалғыз пікір – ол аурудың стандартты емдеу әдістеріне көнбейтіндігі және аурудың топтық сипаты. Төмен бағада сенімділігі жоғары және талдау салыстырмалы түрде қысқа мерзімде орындалуына байланысты M. pneumonia ИФТ диагностикалау әдісі ең тиімді әдіс болып табылады. M.pneumoniae IgА анықтау инфекцияның серологиялық диагностикасына жатады. Зерттелетін материалға қоздырғышқа антиденелері анықталатын қан алынады. Антиденелер – бұл нақты бөгде нәруыз – антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда антиген ретінде микоплазма (Mycoplasma pneumoniae) болып табылады. Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM. Тізімделген әрбір антиденелердің өзіне тән қызметі және пайда болуы кезеңі бар. IgА ауруды жұқтырғаннан кейін 10-15 соң өндіріледі. IgА негігі орналасатын жері – шырышты қабаттар. Біріншілік жұқтырудың жедел сатысын диагностикалау үшін IgM тағайындаған орынды, алайда созылмалы ағымның өршуін анықтау үшін ең жақсы көрсеткіш IgA болады.