Несеп қышқылы
Нәруыз алмасуының өнімі, оны жою кезінде ағзадан шамадан артық азот шығарылып тасталады. Құяң (подагра) диагнозын қою кезінде маңызды көрсеткіш болып табылады. Жасушадан тыс ортада (буын сұйықтығы) зәр қышқылының қалыпты концентрациясы сұйық консистенцияда болады. Бірақ норманың шекті деңгейінен асып кеткенде зәр қышқылы кристалдана бастайды. Мұндай кристалдар буындарда шөгеді және күрт ауырсыну сезімін (подагра) тудырады. Құяңды емдеудің мақсаты кристалдар еру үшін белгілі константаға дейін қышқылдың деңгейін төмендету болып табылады.
Зәр қышқылының концентрациясының өсуі екі іргелі себептерден тұрады: бүйрек жұмысының бұзылу салдарынан ағзадан баяу шығарылуы және шамадан тыс түзілуі, бұл өте сирек кездеседі. Демек, құяң себебін анықтау үшін талдауға қан сарысуынан және зәрден зәр қышқылын анықтау қажет. Зәрде зәр қышқылының мөлшері қалыпты, қан құрамында жоғарлағаны оның бүйрек арқылы шығарылуының бұзылысын айтады. Мұндай жағдай белгілі терапиялық амалдарды талап етеді, яғни бүйрек арқылы зәр қышқылының шығарылуына ықпал жасайтын дәрі-дәрмекте тағайындаған жөн.
Объективті мәліметтерді алу үшін (тағам арқылы түспейтін, ағзада түзілетін қышқылды анықтау) талдау тапсырар алдында үш күн бұрын нәруызсыз емдәм (диета) тағайындау қажет. Нәруызды тағамдар жеуді (ет, бұршақтар, бауыр) қалайтын емделушілерде немесе керісінше бұл тағамдарды пайдаланбайтындарда зәр қышқылының концентрациясы тиісінше көбейеді немесе азаяды.