Кері қайту

Флороценоз-Кандидалар (Candida albicans, Candida grabrata, Candida krusei, Candida parapsilosis/tropicalis), ДНК-ның сандық мөлшерін анықтау

Сарпай-қынаптық кандидоз - зең жұқпасы, оның қоздырғышы Сandida тектес шартты-патогендік микроскопиялық ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар болып табылады. Кандидоз – бұл тек Candidaalbicans ғана емес. Candida тұқымдас саңырауқұлақтардың 186 түрінен 5 түрі клиникалық айқын сарпай-қынаптық кандидоздың дамуына әкеледі: 

  • albicans — 70-80 %
  • C. glabrata — 15-35 %
  • C. krusei — 5-27 %
  • C. parapsilosis — 1-26 %

C. tropicalis — 1-14 %
Сарпай-қынаптық кандидозды ақпараттық диагностикалау және зеңге қарсы терапияны бастау туралы мәселені шешу үшін Candida тұқымдас саңырауқұлақтардың клиникалық маңызды түрлерін сандық форматта анықтау маңызды болып табылады.

Зерттеу тағайындауға көрсетілімдер:

  • ірімтік бөліністер
  • сыртқы жыныс мүшелері аймағы терісінің қышуы/зуылдауы
  • жыныс мүшелерінің терісі мен шырышты қабығындағы жарықтар
  • Дизурия, диспареуния
  • вульвит, вагинит
  • жоспарланған антибиотикалық терапия.

Түсіндірме:
1 мл-де 102-ге дейін – саны клиникалық маңызды емес, тасымалдаушы, емдеу қажет емес.
1 мл-де 102-ден жоғары – дәрігермен кеңесу қажет."