1 және 2 типті қарапайым герпес вирусын биологиялық материалдан сапалы ПТР әдісімен анықтау (HSV I, II)
Герпес вирусын жер бетіндегі 90 пайызға жуық халық жұқтырғаны анықталды, бірақ соның шағын бөлігінде ғана вирус клиникалық түрінде көрінеді. Вирус адам ағзасына қандай жолмен түссе де бір рет енген вирус омыртқаның бойында орналасқан жүйке түйіндерінде жиналады және егер белгілі бір факторлар оны қоздырмаса және оны белсендірмесе, кейін инфекциялық үрдістің жайылуы болмаса (мысалы, айқын иммунитеттің төмендеуі) адам ағзасында өмір бойы белсенді емес күйде болуы мүмкін.
Herpes simplex virus (HSV) - ДНҚ-құрамдас вирус. Вирустың 2 серотипін ажыратады – 1 типтегі қарапайым герпес вирусы (ҚГВ-1) және 2 типтегі қарапайым герпес вирусы (ҚГВ-2).
ҚГВ-1жиі ауыз қуысының, көздің шырышты қабаттарын және терінің зақымдануын шақырады және айтарлықтай сирек – сыртқы жыныс мүшелерін (гениталий), сондай-ақ герпестиік энцефалит пен пневмонитті тудырады. ҚГВ – 2 басым көпшілік жағдайда сыртқы жыныс мүшелерінің зақымдануын, нәрестелердің герпесі, таралып кеткен (диссеминирленген) герпесті шақырады. ҚГВ шақырылған біріншілік инфекция өздігінен түсік тастау, ұрық пен нәрестенің ауыр зақымдары, туа біткен кемтарлық қауіптерінің дамуына байланысты аса қауіпті болады.
ҚГВ ДНҚ – ағзаның әртүрлі биологиялық сұйықтықтарында болатын қарапайым герпес вирусының тікелей негізгі маркері. ҚГВ ДНҚ анықтауға көрсеткіштер болып табылады: ерекше клиникалық белгілердің болуы, нәрестелерде құрсақішілік инфекцияның белгілері, асқынған акушерлік-гинекологиялық анамнез, иммундытапшылық жағдайы бар науқастарды тексеру. Зерттеу ҚГВ -1 және ҚГВ – 2 өзара ажыратуға көмектеседі.
Егер жүктілік кезінде әйел герпеспен ауыратын болса, онда ұрықтың трансплацентарлы жол арқылы жұқтыру ықтималдығы бар, негізінен нәрестелер анасының босану жолынан өткен кезде жұқтырады. Герпес вирусымен құрсақішілік зарарлану кезінде әсіресе жүйке жүйенің ауыр ақаулары дамиды, оның көбісі өмірмен үйлесімді болмайды.
Ерлерде де, әйелдерде де герпес инфекциясы бедеуліктің себебі болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. I, II типтегі герпес вирусын тізбекті полимеразалық реакция (ПТР) әдісімен анықтау сезімталдық пен арнайылытың жоғары болуымен (98%) ерекшеленеді. ПТР қағидасы зерттелетін генетикалық материалды шыны түтікте бірнеше рет екі еселенгеннен кейін осы вирусқа тән бірегей ДНҚ қалдығын сәйкестендіруден тұрады.
«ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді! Зерттелуші материал қан болып табылады.