Биологиялық материалдан C гепатиті вирусын сапалы ПТР әдісімен анықтау (ультра сезімтал)
С вирустық гепатитін тізбекті полимеразалық реакция әдісімен анықтау жоғары сезімталдық пен арнайылығы жоғары болуымен (98%) ерекшеленеді. ПТР қағидасы зерттелетін генетикалық материалды шыны түтікте бірнеше рет екі еселенгеннен кейін осы вирусқа тән бірегей ДНҚ қалдығын сәйкестендіруден тұрады. «ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді! Мұндай дәлдік с гепатиті диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Сапалық талдау биоматериалда қоздырғыштың санын көрсетпейді, олай болса нәтижесі «оң» немесе «теріс» деп беріледі. Вирустық жүктемені көрсететін аса ақпаратты, бірақ қымбат сандық әдіс болып табылады. ЭХЛ әдісімен салыстырғанда зерттеу ғылымды қажетсінетін және шығынды болып табылады, бұл әдісті скринингтік тексеріс ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осылайша талдау жиі ЭХЛ-әдістемесімен («Anti-HCV»қараңыз) нәтижесі оң болған жағдайда диагнозды растау үшін немесе жоққа шығару үшін тағайындалады. ПТР әдісі вирустың РНҚ ауруды жұқтырғаннан кейін 2 аптадан соң анықтауға қабілетті, яғни вирусқа антидене пайда болғанға дейін анағұрлым ерте анықталады. Гепатиттер туралы толығырақ: «В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРДІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ »