Биологиялық материалдан C гепатиті вирусын сандық ПТР әдісімен анықтау (ультрасезімтал)
Полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдісімен В гепатит вирусын анықтау жоғары сезімталдықпен және арнайылықпен ерекшеленеді (98%). ПТР қағидасы зерттелетін генетикалық материалды шыны түтікте бірнеше рет екі еселенгеннен кейін вирусқа тән бірегей РНҚ қалдығын сәйкестендіруден тұрады. «ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді! Мұндай дәлдік В гепатит диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Сандық әдіс вирустық жүктемені, яғни науқастың қанындағы вирустық бөлшектердің санын көрсету арқылы гепатиттің ауырлығын көресетеді. Вирустық жүктемені көрсететін аса ақпаратты, бірақ қымбаты сандық әдіс болып табылады. Ең алдымен, талдау келесі жағдайларда: С гепатиті вирусын сапалық оң нәтижемен («оң») анықталғанда, сондай-ақ вирусқа қарсы емнің тиімділігі бақылау мен емдеу тәсілдерін анықтау үшін қажет. Вирустық жүктеме миллилитр қандағы Халықаралық Бірлікпен өлшенеді. 1 млн аз – төмен, одан көп болса – жоғары деп саналады. «ОЛИМП» КДЗ сезімталдығы әртүрлі 300 МЕ/мл және 15 МЕ/мл (COBAS TaqMan) екі анализатор бар. Егер вирустық бөлшектер саны көрсетілген саннан аз болса, онда нәтиже «теріс» деп бағаланады. Гепатиттер туралы толғырақ: «В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРІ КЕЗІНДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»