Кері қайту

Иммунохемилюминесценция әдісімен қан сарысуындағы Toxoplasma gondii-ге (токсоплазмоз) IgG авидтілігін анықтау

Toxoplasma gondii (T. gondii) жасушаішілік паразиттер өкілдерінің бірі. Токсоплазмоз – жүйке жүйесінің, бауырдың, көк бауырдың, лимфатикалық түйіндердің, қаңқа бұлшықеттерінің, миокардтың зақымдануымен сипатталатын созылмалы немесе жедел ағымда жүретін ауру. Белгілі болғандай, токсоплазмоз TORCH-инфекциялар тобына кіреді, ұрықтың құрсақішілік дамуына және жаңа туған нәрестелерде ағзалардың ауыр зақымдануын тудыратын қауіптілік ықтималдығы жоғары ауру.

Авидтілік (латынша. - avidity) – бұл антидене молкуласының антиген молекуласымен байланысыу беріктігінің дәрежесі. 

Ағза бұрын кездестірмеген антигендерге алғашқы иммундық жауап IgM өндірілуден басталады. IgG – бұл кеш антиденелер, біріншілік иммундық жауапта олар IgM антиденелерін ауыстырады және ағзада аса көп мөлшерде жинақталады. IgG - аса жоғары авидтілікке ие.

Қан талдауы токсоплазманың енуіне жауап ретінде ағзада пайда болатын антиденелерді анықтауды қамтиды. Аурудың жедел фазасы туралы IgM антиденелері білдіреді. Бірақ олардың ағзадағы мерзімі бірнеше аптадана бір айға дейін созылады. IgG деңгейінің артуы бірнеше апталар бойы жүреді. Бұл ретте бас кезде иммунды жауаптың басында ағзада вирус көбею кезінде төмен аффинді (сәйкестік дәрежесі төмен) антиденелер түзіледі және ауру басталғаннан 1-1,5 ай бойы сақталады. Кешірек, иммунды жауаптың жетілу үрдісінде ағзада жоғары аффинді IgG антиденелер пайда болады. Жоғары аффинді антиденелер ағзада ұзақ уақыт бойы қалады. Осы антиденелер арқасында ағзаға қоздырғыш қайталап енген жағдадйа жылдам екіншілік иммунды жауап дамиды.

Жасырын инфекция жағдайында, аурудың өршуі немесе жұқпалы үрдістің реактивациясы кезінде қанда IgM анықталады. Қанда IgM анықталған жағдайда біріншілік инфекция мен өршу фазасын ажыратыа алу қажет, өйткені жүкті әйелдерде біріншілік инфекция ұрық үшін ауыр кесапттарға әкеледі. Бұдан басқа, бірінішлік және жасырын инфекцияларды емдеу кестесінде айырмашылықтары бар. Сол үшін IgG антиденелерінің авидтілігін анықтау ұсынылады. Егер IgM бар қанда төмен авидтілікпен IgG анықталса, онда бұл біріншілік (жақында болған) инфекция туралы куәландырады. Если в крови при наличии IgM обнаруживаются IgG с низкой авидностью, то это свидетельствует о первичной (недавней) инфекции. IgM бар қанда жоғары авидтілікпен IgG антиденелері болса ағзаға қоздырғыш қайтадан түскен жағдайда екіншілік иммунды жауап туралы немесе өршу (реактивация) туралы білдіреді.

Сонымен, белгілі қоздырғышқа антиденелердің авидтілігін анықтау біріншілік инфекцияны анықтауға, оны реактивация кезіңінен немесе ағзаға антигеннің екінші рет енгенін ажыратып алуға мүмкіндік береді. IgG антиденелерінің авидтілігін бастапқы инфекция мерзімінің индикаторы ретінде пайдалануды алғаш рет финдік зерттеушілері ұсынған (Hedman K. M. авторластар.,1989). Қан сарысуында бір уақытта инфекция агентіне IgG- және IgM анықталуын жақын арада біріншілік жұқтырылғанның дәлелі ретінде түсіндіруге болады, өйткені белгілі болғандай, IgM антиденелерінің жойылу мерзімі, әдетте, инфекциялық үрдістің басталуынан шамамен 3 айды құрайды. Бірақ IgM антиденелерінің айналымы кезеңі ағзадағы иммундық жауаптың жеке ерекшеліктері мен инфекциялық қоздырғышқа байланысты айтарлықтай құбылып тұрады.  Toxoplasma gondii жұқтырған кезде, бұл инфекциялық агентке кейбір жағдайларда IgM антиденелерінің іздік белгілері 1-2 және одан көп жылдар бойы анықталады.