Кері қайту

Кальпротектинді анықтау

Ішектің қабыну ауруларын диагностикалау және мониторингілеу үшін қабыну маркері Іштің ауырсынуы бар науқастардың шағын бөлігінде ғана органикалық аурулар болады, бірақ диагнозды дұрыс қою тек клиникалық тексерулерден кейін ғана іске асыралады.

Кальпротектин жедел фазасының нәруызы ішектің органикалық жән функционалдық ауруларын өзара ажыратуға мүмкіндік береді.

Нәжісті кальпротектин – бұл кальций байланыстырушы нәруыз. Ол көп мөлшерде нейтрофилдарда, сондай-ақ моноциттер мен макрофагтардың цитоплазмасында болады. Кальпротектин нейтрофилдік гранулоциттердің өнімі болып табылады, оның нәжісте анықталуы ішек қабырғасының қабынуын көрсетеді. Мұндай нәруыздар қатарына лактоферин, лизоцим, эластаза, миелопероксидаза және кальпротектин жатады. Соның ішінде лактоферрин және кальпротектин аса тұрақты және микроағзалардың протеазасымен баяу іріп-шіриді, бұл олардың концентрациясын зерттеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында оларды «нәжістік қабыну» биомаркеріне жатқызады. Кальпротектин нәжісте 7 күн бойы қалыпты бөлме температурасында тұрақты болады және оның ішінде біркелкі таралған.

Ішектің белсенді қабыну аурулары кезінде лейкоциттердің қан тамырларынан қабынған ішектің шырышты қабатына көшуі артады. Лейкоциттердің ішек саңылауына шығуының арқасында кальпротектин сияқты қабыну алды нәруыздары нәжісте анықталып, өлшенеді.

Нәжістегі кальпротектин концентрациясы ішектің шырышты қабатындағы нейтрофильдердің шоғырлану (инфильтрат) қарқындылығына тура тепе-тең келеді. ойық жаралы колит (әрі қарай - ОЖК) және Крон ауруы кезінде (әрі қарай - КА) белгілерімен кальпротектин концентрациясының арақатынасын бар екендігін анықталды. Ішек қабырғаларынан болған қан кетулер нәжістегі кальпротектин концентрациясынан шамалы байқалады және оның концентрациясын 10 мкг/гр-нан артық жоғарламайды.

Нәжістік кальпротектин концентрациясының 120 мкг/гр аса жоғарлауы ішектің қабыну аурулары бар 90% науқастарда алғашқы диагностикалау кезінде анықталады. Нәжістік кальпротектиннің анықталуы тітіркенген тоқ ішек синдромы бар науқастарды асқазан-ішек (АІЖ) жолының органикалық зақымдану себептерінен ажыратуға мүмкіндік береді. Целиакия, лактоздың жеткіліксіздік, аутоиммундық гастрит кезінді кальпротектиннің мәні шамалы артады, ал ішектің қабыну аурулары, АІЖ бактериялдық инфекциялары, дивертикулдарда және онкологиялық ауруларда, қабынуға қарсы стероидты емес дәрі-дәрмектерді (ҚҚСД) үнемі қабылдаған кезде кальпротектин концентрациясы айтарлықтай жоғарлайды.

Нәжістік кальпротектин концентрациясы нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларда 500 мкг/гр артады, сондықтан кальпротектинді 4 жасқа дейінгі балаларда сақтықпен пайдаланған жөн. Нәжістік кальпротектин – ішектің қабыну ауруы дәлелденген науқастарда аурудың белсенділігі мен емдеу нәтижесін бағалауға арналған қарапайым, инвазиялық емес және сезімтал сынақ. КА кезінде нәжістік кальпротектинді зерттеудің артықшылығы, ол эндоскопиялық және гистологиялық зерттеуде қиын байқалатын аш ішектің сегментарлы зақымдалуын көрсетеді.

Нәжістік кальпротектиннің жоғары деңгейінің сақталып тұру емнің тиімсіздігін көрсетеді, оған қоса кальпротектин құрамының жоғарлауы аурудың өршуі жақындағанын білдіреді. Өзінің арнайылығы төмен болғандықтан нәжістік кальпротектин Крон ауруын диагностикалайтын аспаптық әдістерді алмастыра алмайды. Гистологиялық зерттеу диагностиканың" алтын стандарты " болып табылады және эндоскопиялық және бейнелеу әдістерінің үйлесімі ішек зақымдануының көлемі мен таралуын нақтылауға мүмкіндік береді. Белгілі бір дәрежеде нәжістің жасырын қанға реакциясы мен нақты шағымдармен бірге нәжістік кальпротектинді зерттеу науқастарды колоноскопия үшін іріктеуге мүмкіндік береді. Нәжістегі нәжістік кальпротектиннің концентрациясы аурудың гистологиялық және эндоскопиялық белсенділігімен тікелей байланысты болғандықтан, нәжістік кальпротектиннің тұрақты жоғарылауы емнің тиімсіздігін көрсетуі мүмкін, сонымен қатар динамикадағы кальпротектиннің жоғарылауы аурудың өршуі жақындаған кезде байқалады. 

Кальпротектин деңгейіне не әсер етуі мүмкін?

  • 1 жасқа дейінгі балаларда кальпротектин концентрациясы >500 мкг/г, 4 жасқа дейінгі балаларда қалыпты жағдайда ФКП концентрациясы <100 мкг/г (Canani авторлас., 2004);
  • талдау нәтижесіне дәрі-дәрмектер/кальцийге, магнийге және мырышқа бай ББҚ, сондай-ақ іш өткізгіш дәрілерәсер ету мүмкін;
  • Кальпротектин тағамдық аллергия кезінде, мысалы: сиыр сүтіне (Carroccio авторлас 2011), муковисцидоз кезінде (Lee JM, с соавт, 2012), дивертикулит (Tursi A. с соавт., 2012), сезімдікпен сырқаттанатын 20% науқастарда жоғары;
  • Кальпротектин аденовирустық, ротовирустық, норовирустық диареяларда (іш өту), сондай-ақ сальмонеллез және кампилобактер инфекциялары кезінде жоғары (Chen CC 2012);
  • Целиакия кезінде кальпротектин жоғары -117(2-306) мкг/г (Balamtek? n авторлас 2012), глютенсіз емдәм (диета) концентрациясын қалпына келтіреді;

Зерттеуге дайындық туралы жадынама осында.