Кері қайту

Қан сарысуындағы кардиолипинге Ig G-ны иммунохемилюминесценция әдісімен анықтау

Антифосфолипидтік синдромды диагностикалауға арналған сынақ. Антифосфолипидтік синдромының зертханалық диагностикасы клинико-зертханалық белгілерге негізделген. Зертханалық сынаққа кардиолипинге IgG және IgM кластарының антиденелерін, бета-2 гликопротеин антиденелерін және қызыл жегі антикоагулянтының анықтаулын жатқызады. Кардиолипинге және бета-2 гликопротеинге антиденелерді анықтау тікелей иммундық сынақтан тұрады, ал жегі антикоагулянтын анықтау функционалдық коагулогиялық сынақ болып табылады. Бета 2 гликопротеин I қан плазмасының гликолизденген нәруызы, қалыпты жағдайда шамамен 150-300 мг/л құрайды. Дегенмен оның қызметі толығымен анықталған жоқ, алайда оның айқын антикоагулянттық белсенділігі белгілі. Бета 2 гликопротеин апоптоз үдерісіне қатысады және иммундық жүйенің аутоантигендерінің сезімталдығына әкелетін негізгі механизмдердің бірі болуы мүмкін, соның салдары антифосфолипидтік синдром (АФС) және жүйелі қызыл ноқта сияқты аутоиммунды ауруларға әкеледі. 2006 жылы бета 2 гликопротеин I антиденені анықтау антифосфолипидтік синдромның зертханалық жіктеуіш критерийлеріне енгізілді (Miyakis et al.,2006). Бета 2 гликопротеин кардиолипинге антиденелердің нәруыздық кофакторы болып табылады және неоантиген түзеді, яғни ол кардиолипинге бета 2- гликопротеинге тәуелді антиденелерді таниды. Бұл антигендік кешен АФС кезінде негізгі серологиялық нысана болып табылады. Эксперимент жүзінде бета 2 гликопротеинмен иммунизациялау кардиолипинге антиденелерге тән көріністің пайда болуын, ұрықтың аса көп сіңіруді (резорбция), тромбоцитопения мен бірқатар коагулациялық сынақтар уақытының ұзаруын ынталандырады. Бета 2 гликопротеинге антиденелер науқастардың басым бөлігінде жалғыз АФС серологиялық маркері болып табылады. АФС патогенезінде бета 2 гликопротеинге антиденелерді анықтаудың диагностикалық маңыздылығы оның АФС зертханалық жіктеу критерийлерінің қатарына қосылуына әрекет етеді.