ИФТ әдісімен қан сарысуынан Эпштейн-Барр вирусының алғашқы антигеніне (ҚГВ-IV) IgG анықтау
Эпштейн-Барр вирусы – герпес вирусының 4 түрінің ең көп таралған вирусы болып табылады. Ол В-лимфоциттерді зақымдауға бейім және адамда жедел жұқпалы мононуклеоз ауруын, сондай-ақ назофарингеальды карцинома, Беркитт лимфомасы, түкті лейкоплакия және В-жасушалық лимфома ауруларын шақырады. Вирус бүкіл әлемде таралған. Кейбір елдерде 40 жаста 95% тұрғындары вирусты бұрын жұқтырған және оған антиденелері бар. Инфекция сілекей арқылы жұғады. Сырқаттылық шыңы ерте балалық шақта, сондай-ақ жасөспірім кезеңде байқалады.
Эпштейн-Барр вирусының ерте антигендері вирустың литикалық тіршілік айналымының ерте фазасында, яғни жедел біріншілік инфекция кезінде, сондай-ақ Эпштейн-Барр вирусымен реактивация кезінде байқалады. Жедел жұқпалы мононуклеоз кезінде ерте антигендерге IgG антиденелер инфекцияның 1-2 аптасында пайда болып, орта есеппен 3-4 айдан кейін (6 айға дейін) жойылады.
Көп жағдайларда Эпштейн-Барр вирусының ерте антигендеріне антиденелердің пайда болуы жедел инфекция үшін тән. Ядролық антигендерге антидене жоқ болып, ерте антигендерге антиденелердің бар болуы біріншілік инфекция туралы меңзейді. Кейде ерте антигендерге антиденелер сауығып болған адамдарда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Ерте антигендерге антиденелер сирек байқалатын Эпштейна-Барр вирусының созылмалы белсенді инфекциясы кезінде анықталады.