Кері қайту

Қанның сарысуындағы В гепатиті вирусының HBcAg-не IgM-ді ИФТ әдісімен анықтау (anti-HBcAg-IgM)

В гепатитінің ағзада белсенді көбеюін көрсететін ядролық антигенге арнайы (спецификалық) иммуноглобулин. HBсore антигенге М класындағы антиденелер В гепатиттің алғашқы клиникалық симптомдары пайда болып аурудан айыққанға дейін қанда сақталады. Анти-HBc В гепатиті вирусын жұқтырғаннан кейін көп ұзамай пайда болады және HBsAg пайда болғаннан кейін қан сарысуында анықталуы мүмкін. Анти-HBc антиденелер (total) В гепатитінен айыққан адамдарда да және HBsAg тасымалдаушылары мәртебесін алғандарда да сақталады. Сәйкесінше, бұлар В гепатитінің ағымдағы аурыудың және ауырып кеткеннің белгісі болып табылады. Анти-HBc IgM антиденелері инфекцияның жедел фазасының маркері болып табылады. инфекцияны диагностикалау және бақылау үшін анти-HBc антиденелерін В гепатитін басқа сынақтарымен де қатар анықтау қажет. В гепатитінің басқа маркерлері болмаған кезде (HBsAg бойынша теріс адамдар) анти-HBc антиденелері В гепатит вирусын жұқтырудың жалғыз белгісі болуы мүмкін.