Кері қайту

Қан сарысуында митохондриалдық аутоантиденелерді (AMA M2) иммунохемилюминисценция әдісімен анықтау

Антимитохондриальные антидене – бұл аутоантидене, яғни белгісіз себептермен ағзаның менішікті құрылымдарына аргерссиясын көрсететін иммундық жүйенің компоненті.

Митохондриялар іс жүзінде әрбір жасушада болатын «микромүшелер» (органеллалар) болып табылады.

Бұл органеллалар қан арнасынан жасуша мембранасы арқылы келіп түсетін қоректік заттарды қайта өңдеп және оларды арнайы энергиялық АДФ (аденозинүшфосфор қышқылы) субстратына айналдыра отырып энергиялық үрдіске тікелей қатысу жолымен ағзаның барлық тіршілік етуін қамтамасыз етеді.

Митохондрияның зақымдану кезінде АДФ түзілу үрдісі бұзылады, демек жасуша толығымен өзінің тіршілігіне қажет энергия өндіру қабілетін жояды, ең ақырында оның сөзсіз опатына әкеледі.

Қанда антимитохондиальды антидене пайда болатын барлық емделушілердің 90-95% жағдайларында осы патологиямен байланысты бауырдың билиарлы циррозы байқалады, бұған қоса бұл антиденелерді билиарлы цирроздың клиникалық белгілері пайда болмай тұрып анықтай алады.

Мұның шүбәсіз үлкен болжамдық және клиникалық құндылығы бар, өйткені ол көбінесе алғашқы кезде терінің қышуымен және тез, жиі шаршаумен, содан кейін сарғаюмен көрінетін билиарлы цирроз сияқты ауыр сырқаттың клиникалық көрінісі дамымай тұрып емдеуді бастаса, сауығу болжамы ондаған есеге артады.

Бауырдың билиарлы циррозын диагностикалаудан басқа антимитохондриалды антидененің анықталуы біріншілік және екіншілік склерозды холангит, әртүрлі АІЖ басқа бөлімдерімен сабақтасқан созылмалы қабыну үрдісімен жүретін бауыр ауруларының дамуы туралы кәуландырады.