Кері қайту

Ұрықтың резус факторын (RHD гені) анасының қанынан молекулалық-генетикалық әдіспен анықтау

15% жүкті әйелдерде резус – теріс қан. 60% жағдайда оларда ұрықпен резус-фактор бойынша сәйкессіздік дамуы мүмкін. Бұл ұрықтың құрсақішілік шетінеуі немесе нәрестенің шетінеуінің ең жиі кездесетін себептерінің бірі. Барлық резусы-теріс жүкті әйелдерге «анти-D-иммуноглобулинін» енгізу ұсынылады. Иммуноглобулиннің құны өте жоғары (50 000 теңгеден аса). Аталған дәріде көптеген жанама әсерлер болуы мүмкін. Бұдан бөлек, ҚР ДСМ «4» шілде 2014 жылғы №10 хаттамасының талаптары бойынша «резус-теріс қан» барлық жүкті әйелдерге міндетті түрде антидене титрін бақылау жүргізіледі. Бұл сондай-ақ зертханалық диагностикаға қосымша шығындар әкеледі.

Психоэмоционалды фактор. Жүктіліктен айырылудың ықтимал қауіптерін біле отырып, жүкті әйел соңғы сәтке дейін күйзеліс жағдайында жүреді, сонымен қатар өзермелі гормональды фон аясында үнемі жабығып жүру жүктіліктің жағымсыз асқынуларына әкелуі мүмкін және әйелдің денсаулығына теріс әсер етеді.

Әлеуметтік фактор. Үнемі күйзелісте жүргендіктен көптеген отбасылар ажырасып жатады. Статистика бойынша 37%-дан аса отбасылар бірнеше рет жүктіліктен (баладан) айырылғаннан кейін ажырасады. Алайда, шамамен 50 % резус-теріс қан жүкті әйелдер резус-теріс ұрықпен құрсақ көтереді және резус-қайшылық (конфликт) болмайды.

Әдістеме Шамамен 4 апталық жүктіліктен бастап ұрық пен ана ағзасы үнемі ДНҚ алмасып отырады. Жүктіліктің 10 аптасына қарай ұрықтың ДНҚ анасының қан айналымында жалпы ДНҚ санының 3-7 % пайызына жетуі мүмкін. Әдіс дәл осы (табиғи) ДНҚ іздеуге негізделген.  Ұрықтың ДНҚ бөлінгеннен кейін қарапайым үрдіс жасалады. Резус-фактор генін кодтауға жауапты қажетті қалдықты ажыратып алады, оны RHD гені деп атайды. Әдістің сезімталдығы жоғары - 99% және арнайылығы - 100%, бұл 12 апталық жүктіліктен бастап ұрықтың жынысын 100% ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.  Әдіс мүлде қауіпсіз. Болашақ ананың көктамырдан алынған қаны пайдаланылады.  Әдіс өте тез орындалады (2-4 күн аралығы) және бағасы арзан.