ЖРВИ-скрин
ОРВИ-скрин – бұл жедел респираторлық ауруларды тудыратын ең кең таралған вирустарды анықтауға бағытталған зертханалық зерттеу. Бұл анализ аурудың вирустық табиғатын тез анықтап, нақты қоздырғышын дәл көрсетуге мүмкіндік береді.
Анықталатын инфекциялар:
-
Респираторлы-синцитиалды вирус РНҚ-сы (RSV)
-
Метапневмовирус РНҚ-сы
-
Парагрипп вирусы РНҚ-сы
-
Коронавирустың РНҚ-сы (Covid-19 емес)
-
Риновирус РНҚ-сы
-
Аденовирус ДНҚ-сы
-
Бокавирус ДНҚ-сы
ОРВИ-скрин:
· нақты диагноз қоюға;
· дұрыс емдеу тактикасын таңдауға;
· антибиотиктерді қажетсіз тағайындаудан сақтауға;
· асқынулардың алдын алуға;
· пациенттің жұқпалылық деңгейін және профилактика шараларын бағалауға көмектеседі.