Остеокальцин
Остеокальцин – сүйек ұлпасының құрамына кіретін нәруыз. Остеобласт жасушаларымен түзіледі, оның қызметі сүйек құрылымын нығайту, қалпына келтіру және жаңадан түзілу.
Сүйек тығыздығының төмендеуімен сипатталатын ауруларды (остеопороз, остеомаляция, Педжет ауруы) диагностикалау және емін бақылау үшін қажет талдау, өйткені остеокальциннің қандағы деңгейі бір мезгілде екі үрдісті көрсетеді: Сүйектің бұзылысы: сүйек ұлпасының бүтіндігі бұзылғанда сүйек ұлпасына «бекінген» остеокальцин өз қалыбынан (матрица) ыдырап, қан ағымына түседі;
Остеосинтез үрдісі, яғни жаңа жасушалық элементтердің түзілуі: белсендірілген остебластар өте көп мөлшерде остеокальцина өндіріп шығарады. Остеокальцин деңгейі басқа биологиялық белсенді заттарға байланысты.
Қалқанша маңы безі (паратгормон) остеобластар белсенділігін төмендетеді, осылайша остекальцин концентрациясын төмендетеді. Бірақ бұл гормонның шамадан тыс мөлшері (гиперпаратиреоз) себебінен сүйек ұлпасын бұзыла бастағандықтан ізінше остеокальцин деңгейі өсе беретін болады.
Д дәрумені остеобластарды белсендіреді, осылай остекальцин синтезі және оның қандағы мөлшері ұлғаяды. Тәжірибе жүзінде талдауды қолдану остеопороз емінің тиімділігін бақылаудан тұрады.