«АФС скрининг» пакеті
Антифосфолипидті синдром (АФС) – фосфолипидтерге әртүрлі антиденелердің түзілуімен және қанның қатты ұюымен сипатталатын аутоиммундық ауру. Синдром жеке ауру ретінде өтуі мүмкін немесе бірқатар ревматизмдік аурулармен байланысты да болуы мүмкін, атап айтқанда: жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ), ревматоидты артрит (РА) немесе Шегрен синдромы.
АФС көбінесе көктамыр және күретамыр тромбоздары түрінде байқалады.
Келесі, АФС ең көп кездесетін көрінісі жүктілік патологиясы болып табылады, атап айтқанда, қайталанатын түсіктер, мерзімінен бұрын босану және ұрықтың құрсақішінде шетінеуі.
АФС кезінде тромбоздардың түзілуі адам ағзасының кез келген мүшелері мен тіндерінде пайда болуы мүмкін. Мысалы, бас миының тамырларында пайда болады, осылайша, жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстарды тудырады: инсульттар (әсіресе жастарда), бас ауруы, мигрень, ұмытшақтық және т.б. Сондай-ақ, тромбтар жүрек тамырларында да түзілуі мүмкін, емделушілер кеуде аймағындағы ауырсынуға шағымданады, бұл, әдетте, жас адамдарды инфарктқа әкелуі мүмкін.
Түпкілікті диагноз АФС диагнозын қою үшін EULAR 2023 (Ревматизмге қарсы күрес жөніндегі еуропалық лига) жаңа жіктеу критерийлеріне сәйкес белгіленеді, атап айтқанда, кем дегенде бір клиникалық және бір зертханалық-диагностикалық критерийдің болуы ескеріледі.
АФС клиникалық белгілеріне, әдетте, көтамыр және/немесе күретамыр тромбозы және акушерлік патология (өздігінен түсік тастау) жатады.
Жіктеудің зертханалық диагностикалық критерийі кемінде 12 апта аралықпен қызыл жегі антикоагулянтына (A1/LA2) және/немесе антифосфолипидті антиденелерге (aPL): IgG/IgM кардиолипин изотиптеріне немесе IgG/IgM І изотиптерінің β2-гликопротеиніне қатарынан екі талдаудың оң нәтижелерін алған кезде, орындалды деп есептеледі.
АФС-ке күдікпен емделушілермен қатар, EULAR 2023ж. ұсынымы ЖҚЖмен АФС-пен барлық емделушілерді жиі ілеспе патология ретінде тексеруді көздейді.
"АФС скрининг" пакеті EULAR 2023ж. жаңа жіктеу критерийлеріне енгізілген зертханалық зерттеулерді қамтиды
- β2-І гликопротеинге Ig G анықтау;
- β2-І гликопротеинге Ig M анықтау;
- Кардиолипинге Ig G анықтау;
- Кардиолипинге Ig M анықтау;
- Қызыл жегі антикоагулянтын (LA1/LA2) анықтау.