Талдаулар тізіміне

«Indigo baby3» пакеті

«Indigo Baby 3» пакеті - балалардағы даму кешеуілдеуімен байланысты соматикалық, метаболикалық және эндокриндік факторларды анықтауға арналған кеңейтілген зертханалық кешен.

Кешен сөйлеу дамуының тежелуі (СДТ), психосөйлеу дамуының тежелуі (ПСДТ), моторлық дамудың кешеуілдеуі, айқын зейін және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларға, сондай-ақ аутизм спектрінің бұзылыстарына (АСБ) күдік болған жағдайда ұсынылады.

Бұл пакеттің негізгі міндеттерінің бірі - дифференциалды диагностика жүргізу. Ол клиницистерге симптомдары АСБ клиникалық көріністеріне ұқсас болатын ауыр метаболикалық және соматикалық бұзылыстарды жоққа шығаруға немесе растауға мүмкіндік береді. Мұндай белгілерге тамақты таңдап жеу, мақсатсыз қозғалыс белсенділігі, когнитивтік тапшылық және қарым-қатынас орнатудың қиындығы жатады.

Пакет құрамына арнайы нейромаркерлер - S100 ақуызы және нейрон-спецификалық энолаза (NSE) кіреді. Олар жүйке жасушалары мембраналарының сақталуын және гематоэнцефалдық бөгеттің жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Кешен педиатр мен балалар неврологына жан-жақты диагностика жүргізу және балаға тиімді медициналық қолдау бағдарламасын әзірлеу үшін толық көлемдегі ақпарат береді.