Кері қайту

«Жыл бойы тыныстық аллергендер» топтамасы

Пакет құрамы:

  • Үй шаңы кенесі Dermatophagoides pteronyssinus, d1
  • Үй шаңы кенесі Dermatophagoides farinae, d2
  • Alternaria alternata, m6 зеңі
  • Мысық (қайызғақ), e1
  • Ит (қайызғақ), e5
  • Қызыл тарақан, i6
  • Зең аллергенінің панелі: Penicillium notatum, Cladosporium herbarum, Aspergillus
    fumigatus, Candida albicans, Alternaria tenuis, Setomelanomma rostrata. mx2

Ингаляциялық аллергия - тозаң, шаң, зең немесе жануарлардың бөлшектері сияқты
ауадағы аллергендерді тынысы алу жолдары арқылы енуінен кейін симптомдар пайда
болатын аллергия түрі. Ингаляциялық аллергияның белгілеріне мұрынның ағуы, мұрын
бітелуі сияқты аллергиялық ринит белгілері және ентігу, тыныс алудың қиындауы, жөтел
сияқты бронх демікпесі белгілері жатады.

Жыл бойы белсенді ингаляциялық аллергия - аллергиялық реакцияның кең таралған
түрі, оның белгілері белгілі бір маусымдарда ғана емес, жыл бойы адамды алаңдатады.
Көбінесе жыл бойғы аллергияны үй шаңы кенелері, саңырауқұлақ зеңдерінің әртүрлі
түрлері, мысықтар мен иттердің қайызғағы, жәндіктер, атап айтқанда тарақандар
тудырады.

Жыл бойы белсенді ингаляциялық аллергендер пакеті жыл бойы қоршаған ортада
болуы мүмкін аллергендерге аллергияны анықтауға арналған құнды және маңызды
құрал болып табылады. Бұл сіздің дәрігерге аллергияңыздың себебін дәл
диагностикалауға және жеке емдеу мен симптомдарды басқару жоспарын жасауға
мүмкіндік береді. Өз кезегінде, науқас қоздырғыш аллергендердің әсер етуді азайту
және аллергия белгілерін азайту үшін тиісті шараларды қолдана алады.

Зерттеу бүкіл әлемде аллергия диагностикасының «алтын стандарты» болып
табылатын инновациялық ImmunoCAP технологиясын қолдану арқылы жүзеге
асырылады.

Нәтиже әр аллерген үшін жеке сандық түрде беріледі.