Кері қайту

«Ұрықтағы ПТР әдісімен ЖЖБИ анықтау» пакеті

Абсолюттік патогендер - бұл микроорганизмдер, олардың зәр-жыныс (урогениталды) жолдарында  болуы клиникалық көріністерге қарамастан, инфекцияның бар екенін үнемі куәландырады. Бұл қоздырғыштар қалыпты микрофлораның бөлігі болып табылмайды, сондықтан симптомдар болмаған кезде де міндетті емдеуді талап етеді.

Неліктен шәует немесе қуық асты безінің секрециясының ЖЖБИ-ге ПТР тестін алу ұсынылады?

Инфекцияны дәлірек анықтау

Зәр немесе уретралды жағындылардан айырмашылығы, шәует мыналардың қатысуымен түзіледі:

  • қуық асты безі,
  • тұқымдық көпіршіктер,
  • аналық бездің қосалқылары

Егер инфекция созылмалы простатит ( қуықасты безінің қабынуы) кезіндегідей жыныс жүйесінің терең бөлімдерінде орналасса, онда несеп талдауы патогендердің болуын көрсетпеуі мүмкін. Есесіне олар эякулятта немесе құықатсы безі секрециясында кездеседі.

Баяу қабыну кезіндегі жоғары ақпараттылық

Аурулардың созылмалы ағымы кезінде (мысалы, хламидиоз, микоплазмоз) қоздырғыштардың уретрадағы шоғырлануы жиі төмен болады.Шәует барлық безді құрылымдар арқылы өтіп, инфекция туралы ақпарат жинақтайды және талдаудың неғұрлым жоғары сезімталдығын қамтамасыз етеді.

Жайлылық және қауіпсіздік

  • Процедураның уретралды жағындыға қарағанда жарақаты аз.
  • Шырышты қабықты зақымдау және ауырсыну сезімдерінің зақымдану қаупі жоқ.
  • Құрал-саймандарды қолдану талап етілмейді - биоматериал табиғи әдіспен жиналады.

Жалған теріс нәтижелер тәуекелін төмендету

Жағынды немесе несеп алу кезіндегі қателіктер:

  • үстірт қырып алу,
  • патогендердің зәрмен  шайылуы,
  • дұрыс дайындалмауы

Бұл көбінесе дұрыс емес нәтижелерге әкеледі. Шәует пен простата секрециясы сенімдірек материалдар болып табылады.

ПТР талдауы арқылы қандай инфекциялар анықталады:

  • Chlamydia trachomatis (хламидиялар)
  • Neisseria gonorrhoeae (гонококктар)
  • Trichomonas vaginalis (трихомонадтар)
  • Mycoplasma genitalium (микоплазма гениталиум)

Зерттеуден қашан өту керек:

  • күйгенін, қышынуды, уретрадан бөліндіні сезінген кезде
  • қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін;
  • Отбасын жоспарлау кезінде
  • ЖЖБИ-ді емдегеннен кейін бақылау үшін.

Ықтимал биоматериалдар:

  • Эякулят (шәует),
  • Қуық асты безініңсекрециясы қуық асты безіне массаж жасағаннан кейін алады).

Тапсыру алдындағы дайындық:

  • 48 сағат ішінде - ақын қарым-қатынастан бас тарту,
  • талдау антибиотиктер курсы аяқталғаннан кейін 2-3 аптадан кейін тапсырылады, тапсыру алдында жыныс мүшелері мен қолдардың міндетті гигиенасы.