Кері қайту

«Кардиоқауіп» кеңейтілген профилi

«Кеңейтілген кардиоқауіп» профилі келесі талдауларды қамтиды:

  • Триглицеридтер
  • Жалпы холестерин 
  • Холестерин-ЖТЛП
  • Холестерин-ТТЛП
  • Аполипопротеин А1
  • Аполипопротеин В
  • Глюкоза
  • С-реактивті ақуыз Кардио (жоғары сезімтал) 
  • Атерогенділік индексі
  • Тропонин I
  • Липопротеин (а)

Профиль жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін, сондай-ақ бұрыннан бар патологиялардың ауырлығын көрсетеді. Профильдің 3 нұсқасы бар: стандартты, толық және кеңейтілген. 

  • Триглицеридтер – атеросклероздың дамуына қатысатын майлар. 
  • Жалпы холестерин - бұл ағзаның көптеген жасушаларының құрылымдық құрамдас бөлігі. Холестериннің шамадан артық болуы атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуына әкеледі. Холестеринді шартты түрде 2 түрге бөлуге болады:»пайдалы»- ЖТЛП және «зиянды» -ТТЛП 
  • ТТЛП – атеросклеротикалық түйіншіктерді құрайтын холестерин түрі. 
  • ЖТЛП-антиатерогендік қасиеттері бар холестерин түрі. 
  • Атерогенділік индексі (тегін) - атеросклероздың даму қаупінің дәрежесі. 
  • Глюкоза-қандағы глюкозаның артық болуы қант диабетін  көрсетуі мүмкін (барлық жағадйда емес) 
  • Аполипопротеин А1 – атеросклероздың дамуын болдырмау үшін қажет зат
  • Аполипопротеин В – организмде холестериннің жиналуына ықпал ететін зат. 
  • C - реактивті ақуыз кардио-атеросклероз ауырлығын көрсетеді.  
  • Тропонин-I - қандағы, оның ішінде дені сау адамдардағы жүрек тропонинінің өте төмен концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді.Қандағы тропонин-I деңгейіне байланысты жүрек-қан тамыры қаупі төмен, орташа және жоғары болуы мүмкін.