«Бүйректі Тексеру» профилі (науқан)
Профиль келесі талдауларды қамтиды:
- Креатинин
- Несепнәр
- Калий
- Натрий
- Кальций жалпы
- Магний
- Фосфор
- Несептің жалпы талдауы
- Альбумин/креатинин қатынасы (ACR)
«Бүйректі тексеру» - бүйрек жұмысының жай-күйін скринингтік бағалау. Профиль нақты диагноз қоюға мүмкіндік бермейді, алайда түрлі аурулар кезінде бүйректің жұмыс істеуін бағалауға мүмкіндік береді. Несептің жалпы талдауы – несеп шығару жүйесінің жай-күйі туралы жалпы түсінік береді. Креатинин мен несепнәр - бүйрек жұмысы бұзылған кезде қанға жиналатын «қождар». Калий, Натрий, Хлоридтер, Магний және Фосфор – егер бүйрек өз функцияларын атқара алмаса, қандағы мөлшері жоғарылау немесе төмендеу жағына қарай өзгеретін өмірлік маңызды микроэлементтер. Микроэлементтер теңгерімііһнің бұзылуы дәрі-дәрмекпен түзетуді талап етеді. Альбумин/креатинин қатынасы (ACR) - бұл бүйрек ауруларының даму қаупінің факторы болып табылатын қант диабеті мен артериялық гипертензиясы бар пациенттерді тексерудің скринингтік әдісі.