Кері қайту

Прокальцитонин (ПКТ, PCT)

Прокальцитонин – «қанның қабынуы» - сепсистің аса ерте және сенімді индикаторы. Сепсис – бұл өмірге қауіп төндіретін жағдай, қанда микроб қоздырғышы болуымен сипатталады, оған жауап ретінде ауыр қабыну реакциясы дамиды. Мұндай жағдайдан өлім көрсеткіші жиі 50% құрайды. Егер клиникалық көрінісі айқын байқалса, тәхірибелі дәрігерге диагноз қою ешқандай қиындық туғызбайды, алайда көбінесе сепсистің белгілері «өшірілген» болады, бұл кезде диагнозды нақтылау үшін қанның микробиологиялық зерттеуі көмектеседі. Мұндай талдаудың нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады. Сөйтіп, науқасты емдеу үшін аса маңызды алтын уақытты жоғалтады.

Ғалымдар егерде науқаста сепсис дамитын болса, қанда пайда болатын зат - прокальцитонинді анықтаған. Прокальцитонин – кальцитониннің химиялық ізашары, қалыпты жағдайда қалқанша безінен бөлінеді, бірақ ауыр жүйелік инфекциялар кезінде өндірілуі безден тыс жасушаларда өндірілуі жүреді. Прокальцитониннің жоғары синтезделуді іске қосатын механизмі қанда бактериялар болған кезде жауап ретінде өндірілетін биологиялық белсенді заттар (ИЛ-6, ИЛ-8 и ФНО-α) болып табылады. Сепсиспен ауыратын науқастарда прокальцитониннің жоғарылауы нашар болжамдық белгі ғана емес, сонымен қатар науқастың денсаулығына зиян тигізетіні тәжірибелі түрде дәлелденген. 

Сондай-ақ оқыңыз: «ПРОКАЛЬЦИТОНИНДІ САНДЫҚ АНЫҚТАУ-БҰЛ НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ ИНФЕКЦИЯНЫ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ АҚПАРАТТЫҚ СЫНАҚ»