ОЭА (ішек)
Қатерлі ісік – эмбриондық антиген – эмбрионның асқазан-ішек жолының ұлпаларында өндірілетін нәруыз.
Ұрықты бұл зат жасушалардың бөлінуін ынталандырушы рөлін атқарады.
ҚІЭА – ересек адамның ішегінде болмашы мөлшерде анықталады, алайда оның физиологиялық қызметі әлі күнге дейін белгісіз.
Медициналық тәжірибеде ҚІЭА деңгейін анықтау ішек обырының скринингтік диагностикасы үшін қолданылады.
ҚІЭА – ішектің ісік жасушаларын көп мөлшерде өндіретін арнайы нәруыз, онкомаркер болып табылады. Қанда антиген деңгейінің күрт жоғарлауы өздігінен «обыр» диагнозын қоя алмайды, бірақ диагнозды жоққа шығару немесе растау үшін емделушіні толық және жете тексерулерден өтуге мәжбүрлейді. Егер диагнозы расталса, онда талдау ауруды емдеу тиімділігін бақылау үшін қолданылады, динамикасы оңтайлы болған кезде ҚІЭА концентрациясы төмендейді және сәйкесінше керісінше болады. Ісікті алып тастау жөнінде ота сәтті жасалғаннан кейін РЭА деңгейі шамамен 2 айдан соң қалыпты көрсеткішіне дейін түседі. Қанда қатерлі ісік – эмбриондық антиген мөлшері басқа аурулардың ( бірақ тік ішек қатерлі ісігі сияқты емес) себебінен де жоғарлауы мүмкін, олар: туберкулез, пневмония, панкреатит, Крон ауруы, гепатит немесе бауыр циррозы.
Сондай-ақ оқыңыз: «Онкомаркерлер не туралы айта алады», «Обырдың 10 негізгі белгілері»