Кері қайту

Ревматоидты фактор IgA

Ревматоидты артрит (РА) - аурудың соңғы кезеңдерінде қайтымсыз деформацияға және дене қабілетінің жоғалуына әкелетін буындардың созылмалы қабынуымен сипатталатын жүйелі аутоиммунды ауру.

Ревматоидты фактор (РФ) - аутоиммунды ауруларда, атап айтқанда ревматоидты артритте, Шегрен синдромында, жүйелі қызыл жегіде және т.б. өндірілетін ақуыз болып табылады

Ревматоидты фактор буындарда қалыптасады және дененің өз жасушаларына «шабуыл жасайды», оларды бөтен деп қабылдайды, осылайша буындардың созылмалы қабынуына әкеледі.

РФ изотиптерін анықтауы диагноз, дифференциалды диагностика және РА ағымы туралы қосымша ақпарат береді.

РФ IgА жоғары титрі

  • буын шеміршегінің эрозиялық зақымдануын болжауға мүмкіндік береді;
  • буыннан тыс көріністермен корреляцияланады.
  • TNF α ингибиторларына клиникалық жауаптың нашарлығын көрсетеді